«IQanat» олимпиадасына іліккендер

«IQanat» – ауыл мектептеріндегі дарынды оқушылар арасында ұйымдастырылатын бірегей жиын. Олимпиада екі аудандық және бір республикалық кезеңнен тұрады

Сайыстан сүрінбей өткен жеңімпаздар еліміздің және халықаралық жоғары оқу орындарында ақысыз оқу мүмкіндігіне ие бола алады.

Ауылдық шәкірттерді қолдау мақсатында қолға алынған олимпиада биыл 3 рет ұйымдастырылды. Республикалық жарыста Қостанай облысы бойынша 60 бала қатысты, соның ішінде 14- оқушы өтті. Олардың ішінде Науырзым ауданынан екі бала ілікті. Бірі Қожа ауылының «Науырзым орта мектебінің» 8-сынып оқушысы Рахманова Гүлназ, ал екінші оқушымыз Қарамеңді ауылының Докучаев орта мектебінің 8-сынып оқушысы Молдрахметов Руслан. Үздік оқушыларымыз алған білімдерін дәлелдеп жақсы жетістікке жетіп отыр.

Әр баланың қиялына қанат бітіріп, биік белестерді бағындыруға демеу болған «IQanat» бағдарламасы. Қазіргі таңда ауданымыздың олимпиадаға іліккен оқушылары айқанатпен бірге арманына қарай бет алмақ. Өз болашақтарына жарқын жол ащқан оқушыларға сәттілік тілейміз!

Өз тілшіміз

Редактор

Recent Posts

Ветеран педагогики Маулен Каратаев из Наурзума: «Труд учителя не всегда заметен сразу»

Одним из награждённых, поднявшихся в этот день на сцену, стал учитель физики из села Шили…

1 неделя ago

Галина Бабич из села Шолаксай Наурзумского района создает необычные фигуры из бросовых материалов

«Труд облагораживает человека» — фраза из одного популярного советского фильма как нельзя точно характеризует жизненную…

1 неделя ago

После урагана в детском саду «Нурбобек» села Буревестник Наурзумского района остались нерешённые вопросы

Ураганный ветер, обрушившийся 19 августа на Наурзумский район, не прошёл бесследно. (далее…)

1 неделя ago

Науырзымда халық көтерген мәселелер назарға алынды

Қостанай облысының әкімі Құмар Ақсақалов Науырзым ауданына жұмыс сапарымен барып, аудан тұрғындарымен ашық форматта кездесті.…

2 недели ago

This website uses cookies.