Аудан өмірінің айнасы «Науырзым тынысы» газетінің шыға бастағанына бүгін міне, 55 жыл толып отыр. Ақиқатында мамыр айының бірі болып, біз болып, қалың оқырман қауым болып газет тойын атап өтеріміз хақ. Газет мерейі бүкіл науырзымдықтардың мерейі екенін атап айтуға тиіспіз.
Өздеріңізге мәлім, газет тәрбие құралы болғандықтан өткір сөз, ойлы орамдар арқылы адамдарды жақсылыққа тәрбиелейді. Сонымен бірге Науырзым өңірінің тыныс-тіршілігін барынша көрікті де көркем, кестелі тілмен баяндадық. Газет қашанда белсенді өмірлік позициясын ұстанып, ауданның әлеуметтік-экономикалық міндеттерін шешуге қатысу арқылы көптеген реформаларды жүзеге асыруға қомақты үлесін қоса білді. Бұл ретте газеттің алғашқы редакторларымен тілшілер қауымына алғысым шексіз. Біз 55 жылдық мерейтой қарсаңында газетімізде қызмет атқарған тілші, фототілші, корректор, редактор, көлік жүргізушілермен хабарласып байланыстық. Журналисттік зерттеу жасадық. Газет тарихына көз жүгірттік. 1 мамырдан бастап 29 маусым аралығында газеттің сандарында оқырман назарына естеліктермен бөлісеміз.
«Науырзым тынысы» 2015 жылдың 18 қыркүйек айынан бастап «Қостанай Медиа» орталығының қарамағына өтті. Осы кезеңмен газетте бір жаңа леп, жаңаша толғаныс, жаңаша ұмтылыс бар. Газеттің 55 жылдығы абыройлы белес, бұл деген тарих.
Бейресми төртінші билік саналатын бұқаралық ақпарат құралдарының ауданымыздағы бірден бір өкілі саналатын «Науырзым тынысы» газетінің алар асулары алда деп білемін. Газеттің өзі бір күндік болғанымен, сөзі мың күндік. Демек, 55 жылдығын мерекелегелі отырған газеттің болашағы бұдан да жарқын болсын деп тілек қосамын!
Редактор
Айбек ТАҢАТБАЕВ
У каждого человека есть свой способ оставаться в движении. (далее…)
Одним из награждённых, поднявшихся в этот день на сцену, стал учитель физики из села Шили…
Чествование состоялось во Дворце молодежи «Жастар». На него пригласили более 300 человек со всей области.…
«Труд облагораживает человека» — фраза из одного популярного советского фильма как нельзя точно характеризует жизненную…
Ураганный ветер, обрушившийся 19 августа на Наурзумский район, не прошёл бесследно. (далее…)
Қостанай облысының әкімі Құмар Ақсақалов Науырзым ауданына жұмыс сапарымен барып, аудан тұрғындарымен ашық форматта кездесті.…
This website uses cookies.