Мамыр туып, дала гүлге толыпты,
Науырзымға аққу келіп қоныпты.
Ауданымның ақпараттық айнасы,
Төл газетке 55 жыл болыпты.
Жаңалығын бөлісетін сырласы,
Кел, ақыным екі тойды жырлашы.
55 – ке толған бүгін ауданның,
65-те «Восход» болды құрдасы.
Ақиқатты айтудан еш жаңылмай,
Ел табысы, қалған емес жазылмай.
Ауданыммен «Восход» болып бір атқан,
Науырзымның арайлы ақ таңын –ай.
Архивінде жатқан бүгін қапталып,
Оқысаңыз «Жазираны» ақтарып.
Науырзымның сан жылдарғы тарихы,
Беттерінде жазулы тұр сақталып.
Тілші сайлап үшкір қалам – жарағын,
Аралаған сырға толы алабын.
Сезу үшін «Науырзымның тынысын»,
Ақтарамыз жырға толы парағын.
Бабалардың қашаланып тасқа аты,
Науырзымның шарықтап тұр жақсы аты.
Әр кезеңде өзгергенмен атауы,
Айныған жоқ газет мүлде – мақсаты.
Сол жылдары «Қызыл кеңес» күйреген,
Қиыншылық аш бүйірден түйреген.
90-дағы тоқырауда газеттің,
Нардай жүгін Асқар аға сүйреген.
Көнген едік азапқа да мазаққа,
Таң қаласың бүгін мұндай «ғажапқа».
Асқар аға ана тілін ұмытқан,
Тілмаш болып жүруші еді қазаққа.
Жастар сенбес «ертегіні» айтсам мен,
Алдарына ақиқатты жайсам мен.
Мәшеңкемен тырсылдатып тілшілер,
Мақаласын жазатын-ды майшаммен.
Қазақ болып бар әлемге танылдық,
Ана тілден, әтеген-ай, жанылдық.
Бір жылдары «Жазира» мен «Восход» боп,
Бір газеттің маңдайына таңылдық.
Өтірік деп айта алады қане кім,
Ақиқаттан азбайтын бар әдетім.
30 жылдай тәуелсіз ел болсақта,
Бодандықтан шыға алмай жүр газетім.
Жазушы, ақын, жыршылары даламның,
Шежіресін шерткен абыз бабамның.
Бастау алған екі беттік газеттен,
Талай – талант тарландары қаламның.
Қару етіп қаламын асынғандар,
Ел силаған аяулы асыл жандар.
Көтерген төл газеттің шаңырағын,
Әбілқасым, Есімтай, Қасымхандар.
Жастар ұстап төл газеттің тізгінін,
Болашаққа сеніп жүрміз біз бүгін.
Ару Жібек, Айбек және Тұрардай,
Ел қашанда мақтан етер үздігін.
Көтеріліп жастарыммен тың ісі,
Басталыпты қызу- қарқын жұмысы.
90 пайыз ана тілде басылып,
Кеңігендей «Науырзымның тынысы».
Бұқаралық ақпараттың айнасы,
Ақиқаттың ақ жолынан таймашы.
Жақсылық пен жаңалықтың жаршысы,
Өз тіліңде енді еркін сайрашы.
Хасенғали КАМАЛОВ,
Нұр-Сұлтан
қаласының тұрғыны
У каждого человека есть свой способ оставаться в движении. (далее…)
Одним из награждённых, поднявшихся в этот день на сцену, стал учитель физики из села Шили…
Чествование состоялось во Дворце молодежи «Жастар». На него пригласили более 300 человек со всей области.…
«Труд облагораживает человека» — фраза из одного популярного советского фильма как нельзя точно характеризует жизненную…
Ураганный ветер, обрушившийся 19 августа на Наурзумский район, не прошёл бесследно. (далее…)
Қостанай облысының әкімі Құмар Ақсақалов Науырзым ауданына жұмыс сапарымен барып, аудан тұрғындарымен ашық форматта кездесті.…
This website uses cookies.