Бүгін елімізде алғаш рет «Абай күні» мереке ретінде аталып өтілуде

Қазақтың қайталанбас ұлы тұлғасы Абай Құнанбайұлының туғанына бүгін тура 175 жыл толып отыр

Осыған орай Қазақстанда тағы бір мереке пайда болды. Яғни, жаңа мейрам – Абай күні. Бұған қатысты Үкіметтің арнайы қаулысы шықты. Онда «Қазақстандағы мерекелік күндердің тізбесі «Абай күні – 10 тамыз» деген тармақпен толықтырылсын» делінген.

Абай (Ибрагим) Құнанбайұлы 1845 жылы 10 (немесе 23) тамызда қазіргі Шығыс Қазақстан облысы Абай ауданында өмір есігін ашқан. Әкесі Құнанбай Өскенбайұлының өз заманында тобықты руына басшы, уездің аға сұлтаны болғаны белгілі. Анасы Ұлжан мен әжесі Зеренің тәрбиесінде өскен Абай өсе келе Семейдегі Ахмет-Риза медресесінде білім алған. Араб, парсы сынды шығыс халықтарының тілін білуі Абайдың алдында білімнің ұшан-теңіз көкжиегін ашып, Шығыстың Науаи, Низами, Жами, Саади, Хафиз, Фирдоусидың шығармаларын сусындатқан.

Әке талабы жас Абайды ел тірлігіне араластырып, ел басқаруға баулуды ұйғарған еді. Осылайша, Құнанбайдың еркімен 13 жасында елге қайтып келген Абай қазақ даласына ыдырай бастаған рулық қатынастардың кереғар қайшылықтары мен әлеуметтік теңсіздіктің зардаптарын түйсініп өседі. Кейін «Болыс болдым, мінеки» дегеніндей, 1870 жылдардың ішінде Қоңыр-Көкше еліне болыс болады. Абай ел ішіндегі жер мен жесір дауына араласып, әділ төрелік етеді. Өз өмірінде Семейге айдалып келген Михаэлис, Долгополов, Леонтьев қатарлы демократтармен таныс-біліс болған. Озық ойлы зиялылардың саяси-әлеуметтік көзқарасы Абайға да әсер еткені даусыз. Бірақ Мұхтар Әуезовтың «Кейін орыс тілін біліп, орыстың ұлы мәдениетін мол, терең тани бастаған Абай Пушкиннің өзінен, Белинский, Герцен, Чернышевский, Салтыков-Щедрин, Некрасовтардың мұраларын оқып, кең, терең тәрбие алды.

Абай өлең жазуды 10 жасында («Кім екен деп келіп ем түйе қуған…») бастаса, өз өлеңдеріне шығаруды шамамен 1880-1997 ж.ж. аралығында көбірек қолға алған. Өлеңдерін әркімдердің атымен таратып, Көкбай атынан бастырған ақын жазған өлеңдерін жинауды шәкірттеріне ескерткен. Ал қара сөзбен жазылған ғақлия-өсиеттерін 1890-1898 жылдар аралығында қолға алған.

Абайдың ақыл-ойынан туған мұрасы – айналып келгенде Алашқа үндес қазақтың ұлттық идеясы еді. Ақынның ұлы жүрегі тоқтағаннан кейін де Әлихан Бөкейханұлының ақын шығармаларын жинақтап, басып шығаруға күш салуы, Ахмет Байтұрсынұлының «Қазақтың бас ақыны» деп баға беруі де сондықтан.

Ұлы Абайды күллі Аллаш жұрты ардақ тұтады. Сарыкөл ауданында да бас ақынның құрметіне ашылған «Абай» көшесі бар. Онда 200-ден астам үй бар. Ағымдағы жылы жолына күрделі жөндеу жұмыстары жүргізілді.

Редактор

Recent Posts

Науырзымдық ветеринария қызметкері Марат Қабденовтың жеңісі – аудан абыройы

10 шілде – Ветеринариялық қызметкерлер күні қарсаңында Науырзым ауданы үшін қуанышты жаңалық жетті. (далее…)

1 неделя ago

Қуанышқа толы қоныс: Науырзымда жаңа тұрғын үй пайдалануға берілді

Астана күні қарсаңында Науырзым ауданында қуанышты оқиға орын алды – жаңа көппәтерлі тұрғын үйдің пәтер…

2 недели ago

В Наурзумском заповеднике не допустили массового захода сайгаков на поля

Инспекторы круглосуточно отслеживают миграцию животных и помогают защитить сельхозугодья от потравы. (далее…)

2 недели ago

Главного специалиста аппарата акима села Буревестник Наурзумского района Юлию Малову отметили в День государственных служащих

В преддверии Дня государственных служащих в Костанае прошла церемония награждения лучших сотрудников за  вклад в…

3 недели ago

В Наурзумском районе с помощью госпрограммы «С дипломом в село» намерены решить кадровый вопрос

По словам руководителя ГУ «Отдел экономики и финансов Наурзумского района» Алимхана Абдикенова, государственная программа «С…

3 недели ago

Науырзым ауданы: Ұлттық рухты ұлықтаған дода

24–26 маусым күндері аудан әкімінің жүлдесіне арналған 2006–2010 жылы туған жасөспірімдер арасындағы көкпар және аударыспақтан…

3 недели ago

This website uses cookies.