Еліміздің кілемдей жайқалып өсетін қызғалдақтарын болашақ ұрпақ үшін сақтау керекпіз

Науырзым қорығында қызғалдақтың «Қызыл кітапқа» енген 4 түрі өседі.

Бұл өңірдегі қосгүлді, жатаған, Шренк, биберштейн қызғалдақтары сәуір-мамыр айларында Қарамеңді, Буревестник, Қайғы, Шолақсай, Аманкелдіге дейінгі сайын даланы сан түрлі бояуға малып, құбылта құлпыртып, жұпар аңқытып жібереді. Редакция ұжымы жұмыс бабымен Буревестник ауылына барған болатын. Сонда, керемет қызғалдақтардың өсіп, жайнап тұрғаның көрдік. Иә, аңқыған исі деген керемет, даланың көркін келтіріп тұр. Науырзым аумағындағы ең үлкен, әдемі болып өсетін түрі Шренк қызғалдағы.


-Бұл гүлдер сәуір-мамыр айларында гүлдегендіктен көзтартар әсемдігін тамашалауға қызыққан адамдар келуге асығады. Аталған сирек кездесетін қызғалдақтар түрі қорық аумағында өскендіктен жұлып алып кетуге тиым салынған. Әлемде қызғалдақтың 3000-ға жуық түрі бар.Біздің елімізде 35 түрі өседі, 18-і Қазақстанның қызыл кітабына енгізілген. Оның ішінде 4 түрі Науырзым қорығында өседі. Отандастарымыздың әдемі суреттер жасау мақсатында, қызғалдақтарды таптау фактірлері байқалып жатыр. Осы орайда жерлестеріміздің естеріңізге сала кетсек деймін, Қазақстанның қызыл кітабына енгізілген өсімдіктерді жойғаны үшін қылмыстық жауапкершілік қарастырылған. ҚР ҚҚ-нің 339-бабында өсімдіктердің сирек кездесетін және құрып кету қаупі төнген, пайдалануға тыйым салынғантүрлерін заңсыз пайдаланғаны үшін, сондай-ақ оларды сақтағаны,өткізгені,әкелгені, әкеткені немесе жойғаны үшін Заң бұзушыға 3 мың АЕК-ке дейін айыппұл салынады, Түзеу жұмыстарына тартылады, 800 сағатқа дейінгі мерзімге қоғамдық жұмыстар қарастырылған. Заң бұзушы 3 жылға дейінгі мерзімге бас бостандығын шектеумен, не мүлкі тәркіленіп,сол мерзімге бас бостандығынан айырумен жазаланады, – дейді Науырзым Мемлекеттік табиғи қорығының нұсқаушы-экскурсоводы Гүлнұр Өтелбаева.


Қызғалдақтардың гүлдене басталуымен біздің ауданға келушілер қатары жыл сайын артып барады. Қызыл кітапқа енген қызғалдақтарды жұлуға болмайтыны жөнінде қорық қызметкенлері айтып өтті. Осыған байланысты, келушілер тек суретке түсіруге рұқсат етіледі. Еліміздің кілемдей жайқалып өсетін қызғалдақтарын аялай отырып, біз оны болашақ ұрпақ үшін сақтап қалуымыз керек.

Жібек МЫРЗАҒАЛИ
Фотоны түсірген автор

Редактор

Recent Posts

Науырзымдық ветеринария қызметкері Марат Қабденовтың жеңісі – аудан абыройы

10 шілде – Ветеринариялық қызметкерлер күні қарсаңында Науырзым ауданы үшін қуанышты жаңалық жетті. (далее…)

1 неделя ago

Қуанышқа толы қоныс: Науырзымда жаңа тұрғын үй пайдалануға берілді

Астана күні қарсаңында Науырзым ауданында қуанышты оқиға орын алды – жаңа көппәтерлі тұрғын үйдің пәтер…

1 неделя ago

В Наурзумском заповеднике не допустили массового захода сайгаков на поля

Инспекторы круглосуточно отслеживают миграцию животных и помогают защитить сельхозугодья от потравы. (далее…)

2 недели ago

Главного специалиста аппарата акима села Буревестник Наурзумского района Юлию Малову отметили в День государственных служащих

В преддверии Дня государственных служащих в Костанае прошла церемония награждения лучших сотрудников за  вклад в…

2 недели ago

В Наурзумском районе с помощью госпрограммы «С дипломом в село» намерены решить кадровый вопрос

По словам руководителя ГУ «Отдел экономики и финансов Наурзумского района» Алимхана Абдикенова, государственная программа «С…

2 недели ago

Науырзым ауданы: Ұлттық рухты ұлықтаған дода

24–26 маусым күндері аудан әкімінің жүлдесіне арналған 2006–2010 жылы туған жасөспірімдер арасындағы көкпар және аударыспақтан…

3 недели ago

This website uses cookies.