Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 28 жылдығына ауданымызда «Қазақша күрестен» аудандық біріншілік өтті

Қазақ күресі — қазақтың ұлттық күресі. Қазақ күресі қазақтардың ең көне спорт түрлерінің бірі. Қазіргі Қазақстанда бұл жекпе-жек өнер үлкен сұранысқа ие, ал қазақ күресі бойынша жарыстар мерекелер мен салтанаттарда жүргізіліп келеді. Бүгінгі таңда біздің ауданымызда бертін келе қазақ күресі қарқынды дамып келе жатыр деп айтуға болады.

Соның бір дәлелі «Науырзым ауданы дене тәрбиесі және спорт бөлімі» мен «Науырзым аудандық балалар-жасөспірімдер спорт мектебінің» ұйымдастыруымен 2019 жылдың 12 желтоқсаны күні Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 28 жылдығы аясында «Қазақша күрестен» аудандық біріншілік өткізілді.

Мақсаты – жастардың ынтымақтастығын арттыру және салауаттылықты насихаттау. 2005 – 2007 жыл мен 2008-2010 жыл туған палуандар арасындағы жарысқа Дәмді ауылдық округі, Мереке ауылы, Шилі ауылы мен Қарамеңді ауылдық округінен келген жас палуандар қатысты.

Жас палуандарды айтулы мереке қарсаңында құттықтап, сәттілік тілеп келген қонақтар Қарамеңді ауылдық округінің әкімі Серік Байдильдинов, спорт ардагері Қайрат Байдильдинов, аудандық дене тәрбиесі және спорт бөлімінің басшысы Ерболат Жабағин, спорт жанашыры Сағдат Исмагулов қатысты. Жарыс төрешілері жас палуандарға бүгінгі жарыста нағыз мықтылар анықталатын сәт екенін айтып, ортаға алғашқы жұпты шақырды. Алғаш болып кілемге шыққан палуандарымыз өздері сондай жас болсада, кілемде өздерінің мықты екенін көрсетті. Жарыста белдескеннің белін үзетін, жауырыны жерге тимеген 60 палуан өз салмақ дәрежесінде боз кілемнің шаңын қақты.

Нәтижесінде 26 келі салмақ дәрежесінде І орын – Шилі ауылынан келген Елікбаев Ерсұлтан, ІІ орын – Тұрсынғали Риза, ІІІ орын – Бірмағамбет Нұрислам, Джумбаев Әсет, 31 келі салмақта І орын – Рахметов Жансұлтан, ІІ орын – Тупешов Тобыл, ІІІ орын – Рамазан Жанарыс, 34 келі салмақта І орын – Қасымханов Жәнібек, ІІ орын – Бағыт Досбол, ІІІ орын – Мылтықбай Алижан, 38 келі салмақта І орын – Табан Марат, ІІ орын – Марат Ерқанат, ІІІ орын – Естаев Алдияр мен Серікбай Санжар, 42 келі салмақта І орын Аманжол Бибарыс, ІІ орын – Болатов Бауыржан, ІІІ орын – Наримбаев Рамиз, 42 келі салмақта І орын – Сұлтанбеков Бексұлтан, ІІ орын – Ерман Бағытжан, ІІІ орын – Нұрахмет Нұрбол мен Талгабеков Темірлан, 46 келі салмақта І орын – Маратұлы Ақтілек, ІІ орын – Тапай Мағжан, 50 келі салмақта І орын – Бисен Ануар, ІІ орын – Қабдолла Аян, ІІІ орын – Носеров Н мен Жұмахан Бахтияр, +55 келі салмақ дәрежесі бойынша І орын – Ғабдолла Біржан, ІІ орын – Аманжол Нұрдаулет, ІІІ орын – Айдос Нұрсұлтан мен Мұхтаров Дидар өз ара бөлісті.

Осы жарыс барысында «Ең үздік шебер әдіс» қолданған Шилі ауылынан келген жас палуан 26 келі салмақтағы Елікбаев Ерсұлтанға ұлттық өнеріміз қазақ күресіннің дамуына өзіндік үлесін қосып жүрген Сағдат Исмагулов демеушілік жасап, сый құрмет көрсетті. Бүгінгі аудан біріншілігіне қатысып жүлделі болған жеңімпаздарымыз грамота және медальмен марапатталды.

Жібек Мырзағалиқызы
Фотоны түсірген автор

Редактор

Recent Posts

Науырзымдық Джейран Валиеваға медицина саласындағы адал еңбегі үшін марапат берілді

Денсаулық сақтау саласына қосқан көпжылдық адал еңбегі мен кәсіби шеберлігі үшін Джайран Валиева «Денсаулық сақтау…

1 неделя ago

Науырзым ауданы: Қарамеңдіде қар тазалау жұмыстары жүйелі жүргізілуде

Қарамеңді ауылдық округінде 2025 жылы қыс мезгілінде тұрғындардың қауіпсіз әрі кедергісіз қатынауын қамтамасыз ету мақсатында…

1 неделя ago

Науырзым ауданының үздік оқушылары Президент шыршасына қатысты

Облыс орталығында Мемлекет басшысының атынан ұйымдастырылған дәстүрлі Президент шыршасы өтті. (далее…)

3 недели ago

Науырзым ауданының бас шыршасы жағылды

Аудан орталығында Жаңа жыл мерекесіне орай бас шыршаны жағу рәсімі салтанатты түрде өтті. Мерекелік шараға…

3 недели ago

Науырзым ауданының бас шыршасы жағылды

Аудан орталығында Жаңа жыл мерекесіне орай бас шыршаны жағу рәсімі салтанатты түрде өтті. Мерекелік шараға…

3 недели ago

В селе Уленды Наурзумского района появилось уличное освещение: на шести улицах установили 30 фонарей

Уленды — небольшое село в Наурзумском районе. Это  как тихий островок жизни, где люди заботятся о хозяйстве, продолжают…

3 недели ago

This website uses cookies.