Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күніне орай балалар арасында тоғызқұмалақтан жарыс өткізілді

2019 жылы 10 желтоқсан күні Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күніне орай Науырзым ауданы, Қарамеңді ауылы, балалар шығармашылығы үйінде ұлттық ойынды халық арасында кеңінен насихаттау, балалардың ой-өрісін, санасын, зияткерлік қабілетін қалыптастыру мақсатында балалар арасында қазақтың ұлттық ойыны «Тоғызқұмалақтан» жарыс өткізілді.

Бұл жарысқа 4-7 сынып оқушылары белсене қатысып, өз бақтарын сынады. Жарыс қорытындысы бойынша бірінші орынды 7 сынып оқушысы Нөсеров Нұрлыбек, екінші орынды 4 сынып оқушысы Жексенбай Айзере, үшінші орынды алтыншы сынып оқушысы Төлеубек Аяжан иеленді.

Ауылымызда ұлттық ойынымызды дамыту мақсатында тоғызқұмалақтан жарыстар жиі өткізіліп тұрады. Тоғызқұмалақтан жарыстардың жиі өткізіліп тұруына байланысты тоғызқұмалаққа деген қызығушылық артып, тоғызқұмалақ ойнайтын балалардың саны артуда.

Келешекте тоғызқұмалақты одан әрі дамытып, аудан, облыс, республика көлемінде өткізілетін жарыстарда топ жаратын шәкірттерді тәрбиелейтінімізге сенеміз.

Д.С. Балтабай
Директордың оқу жұмысы жөніндегі орынбасары

Редактор

Recent Posts

Ветеран педагогики Маулен Каратаев из Наурзума: «Труд учителя не всегда заметен сразу»

Одним из награждённых, поднявшихся в этот день на сцену, стал учитель физики из села Шили…

2 недели ago

Галина Бабич из села Шолаксай Наурзумского района создает необычные фигуры из бросовых материалов

«Труд облагораживает человека» — фраза из одного популярного советского фильма как нельзя точно характеризует жизненную…

2 недели ago

После урагана в детском саду «Нурбобек» села Буревестник Наурзумского района остались нерешённые вопросы

Ураганный ветер, обрушившийся 19 августа на Наурзумский район, не прошёл бесследно. (далее…)

2 недели ago

Науырзымда халық көтерген мәселелер назарға алынды

Қостанай облысының әкімі Құмар Ақсақалов Науырзым ауданына жұмыс сапарымен барып, аудан тұрғындарымен ашық форматта кездесті.…

2 недели ago

This website uses cookies.