«Әлемнің әміршісі – еңбек» дейді дана халқымыз. «Терлеп еңбек етпегеннің тілегеніне жеткенін көргенім жоқ» деген екен даңқты қолбасшы Бауыржан Момышұлы
Шын мәнінде, адал еңбекке бет бұрып, соны қазіргі нарықтық заманға сай кәсіпкерлікпен ұштастырып отырған азаматтар арамызда аз емес. Олар біздің келешегіміз, ауданымызды көркейтіп кәсіп көзін көбейтіп жүрген жандар.
Жеке кәсіппен айналысу оңай келетін іс емес. Кәсіп – кәсіптік оқу және тәжірибе жинақтау нәтижесінде игерілетін, белгілі бір білім мен машықтарды талап ететін еңбек қызметінің түрі боп саналады. Кәсіпкер үшін пайда, табыс, ығын, кіріс оның қаржы жүйесінің көрсеткіші. Кәсіпкерлік – ерекше экономикалық құбылыс. Ал кәсіпкерлікті дамыту – осы ауданымызды дамытатын ажырамас бір бөлшегі екендігін ұмытпайық. Кәсіп түрін таңдау әдетте көп жандар үшін күрделі мәселе. Көпшілік қандай кәсіп таңдау керек дегенде алғашқы қадам жасауға жүрексінеді. Осы кәсіпкерлік жолды бастап, өз кәсібін ағаш өнімінен тұтынатын тұрмыстық заттар жасайтын шағын істі қолға алып отырған, Қарамеңді ауылының тұрғыны Назира Серікқызы. Ағашты Ресейден алдыртып осы аудандағы шеберханада шеберлер өңдеп кесіп құрал, шарбақтар, қоршаулар кез келген ағаштан жасалатын заттар дайындайды.
Кәсіп көзін таңдауда Назира ханым қателеспеді. Себебі, ағаш өнімдерін өндеу өте тиімді, әрдайым қолданыста. Ертеде қазақтың баспанасы киіз үйінен бастап, қарапайым қасығына дейін ағаштан жасалып отырған. Неге десеңіз, ағаш бұйымдар ыңғайлы, пайдалануға тиімді, сонымен бірге ол тұрмыстық зат есебінде ғана емес, сән үшін де қолданылып, биік өнер дәрежесіне жеткізілген. “Алтынмен аптап, күміспен қаптап” дегендей, әр әулеттің жағдайына қарай зерлеп, әшекейлеп жасалған дүниені тұтынып келген. Ерте кездері бұл өнердің иесін ұста, он саусағынан өнер тамған шебер деп құрмет тұтқан. Қазіргі күні бұл кәсіп қолданбасы жоғары.
Ауданымызда осылай әр түрлі салаларды дамытып, көркейтіп жатқан жандарға алғысымыз зор. Елдің дамуына бұндай кәсіптердің ықпалы жоғары.
Еңбектің көзін тапқан адам байлықтың өзін табатыны сөзсіз. Назира ханымның да алға қойған мақсаты – отбасында өсіріп отырған ұл-қыздарына жақсы тәрбие беріп, қатарынан кем қылмай өсіру. Сонымен бірге кәсібін дөңгелету. Табан ақы, маңдай тердің өтеуі тек адал еңбек арқылы ғана өтелмек… «Кәсіп болмай, нәсіп болмас» деген осы!
Айгүл САБИТБЕКОВА
В целях популяризации массового спорта и поддержки юных талантов из сельской местности филиал частного фонда…
19 октября в Казахстане отметили важную дату — День спасателя, профессиональный праздник всех, кто стоит на страже безопасности…
В Наурзумском районе ведётся системная и целенаправленная работа по реализации государственной молодёжной политики. (далее…)
По информации отдела сельского хозяйства, на сегодняшний день обмолочено 235,6 тыс. гектаров зерновых и зернобобовых…
В столице нашей республики Астане состоялась региональная сельскохозяйственная ярмарка, собравшая сотни производителей и тысячи горожан. (далее…)
Это дата, когда внимание всего мира обращено на тех, кто ежедневно обеспечивает важнейшую функцию в…
This website uses cookies.