«Жасыл ел» бағдарламасы жүзеге асырылуда
Жастар саясатын іске асырудың негізгі міндеттерінің бірі – жас адамдардың өнегелік және рухани дамуын қалыптастыру, оларды патриотизмге тәрбиелеу, ішкі саяси тұрақтылықты нығайту болып табылады.
Аталған міндеттерді іске асыру үшін республика бойынша жастарды патриоттық тәрбиелеу іс-шаралары да әзірленген.
Солардың бірі «Жасыл ел» бағдарламасы. «Жасыл ел» бағдарламасының негiзi Елбасымыз Н.Ә. Назарбаевтың «Қазақстан экономикалық, әлеуметтiк және саяси жедел жаңару жолында» Жолдауы бойынша қабылданған болатын.
Жалпы, бағдарламаның негiзгi мақсаты – жастардың күшiмен елiмiздi көгалдандыру, елді-мекен айналасын жасыл ағаштармен көркейту, сонымен қатар жастардың Отанға, жерге, табиғатқа деген махаббатын, патриоттық сезiмiн ояту.
Ең бастысы – жылына қаншама жастарды осы істерге тарта отырып, олардың арасындағы жұмыссыздықты төмендету.
2 қыркүйектен бастап алғаш рет Науырзым ауданында республикалық «Жасыл ел» жастар еңбек қозғалысы бастау алды. “Жасыл ел” бағдарламасы аясында 7 жас жұмыспен қамтылды. Келесі жылы да бұл бағдарлама жалғасын табады.
Науырзым ауданының ішкі саясат бөлімі
Фотоны ұсынған автор
Много сидишь в социальных сетях? Тогда читай полезные новости в группах "Qostanai.Media" ВКонтакте, в Одноклассниках, Фейсбуке и Инстаграме. Сообщить нам новость можно по номеру 8-701-031-72-31