
Жанкелдин ауданында жол жабық деген жалған ақпарат шындыққа жанаспайды
Қарғын судың қарқыны қатты
Өткенде аптада Торғай ауылының кіре берісндегі су ағардың бір жақ бөлігін су жырып кетті. Әлеуметтік желі қолданушылар бейнежазбаға түсіріп, әр түрлі пікірлер айтты.
Тіпті кейбіреуі енді жол болмайды деп өмірден түңілген кейіп танытты. Бірақ бұл сөз шындыққа жанаспады. Тас жолдың шетін су жырғаны рас.
Десекте, жергілікті билік өкілдері дереу шешім қабылдап, коммуналдық кәсіпорынның техникаларын жұмылдырып, біржақты жол бағытын қалыпқа келтірді.
“Қарғын судың қарқыны өте қатты болды. Қырдан ақққан су сай жағалап, су өткізгіш құбырдан өтіп үлгірмей жол шетін құлатып кетті. Уақытылы іске кірісіп, қалыпқа қайта келтірдік. Әзірге Торғай-Арқалық, Торғай-Қостанай бағытына жол бар. Көліктерге шектеу қойылған жоқ.” Жол жоқ”деген жлған ақпаратқа сеніп қалмаңыздар”, – дейді коммуналдық кәсіпорын қызметкерлері.
Өткен жылғы алапат тасқын судан үрейленіп қалған халық су сылдырын естісе, қауіп төнді деп елеңдеп отырады.
Байбатыр АХМЕТБЕК
Много сидишь в социальных сетях? Тогда читай полезные новости в группах "Qostanai.Media" ВКонтакте, в Одноклассниках, Фейсбуке и Инстаграме. Сообщить нам новость можно по номеру 8-701-031-72-31