Мүмкіндігі шектеулі жандарға арналған жаңа жыл шыршасы
2019 жылғы 18 желтоқсанда мүмкіндігі шектеулі балаларға арналған «Науырзым ауданы әлеуметтік бағдарламалар және жұмыспен қамту бөлімі» ММ мемлекеттік әлеуметтік тапсырыс шеңберінде Жаңа жылдық ертеңгілік өткізілді.
Ертеңгілікке аудандық мәслихат хатшысы Гүлсім Есенғалиқызы мен Науырзым ауданы әкімінің орынбасары Еркен Жардамбекұлы қатысып, бүлдіршіндер мен ата аналарын келе жатқан Жаңа жылмен құттықтап, әр отбасыға денсаулық, бақыт, береке тіледі.
Жаңа жыл шыршасын балаларға есте қаларлықтай өткізген Қостанай қаласынан келген «Show_boom» аниматорлары мен Жамбыл орта мектебінің 10-11 сынып оқушылары мен Жастар ресурстық орталығының еріктілері балғын балаларға ерекше көңіл күй сыйлады. Расыменде осы мейрамды асыға күтетін балалар, Аяз ата мен Ақшақарды көріп, қуанышты көңіл күйде болды.
Биылғы Жаңа жылдық шыршамызға Буревестник, Шилі, Шолақсай ауылынан да балалар келіп, тамашалады. Жаңа жыл шыршасының шырағын аудан әкімінің орынбасары Еркен Жардамбекұлы мен Шилі ауылан келген Наргиз есімді аруымыз жақты.
Кеш соңында балалар Аяз атамен және ертегі кейіпкерлерімен естелік суретке түсіп, тәтті сыйлықтар иеленді. Қай бала болмасын соның ішінде әсіресе Жаңа жыл мерекесін асыға күтеді. Олардың барлығы да армандаған арманымыз, тілеген тілегіміз орындалады деп Жаңа жыл ертегісіне, жылтырауыққа оранған ғажайып шыршаға, Аяз Ата мен Ақшақар қызға сенеді.
Көптеген ертегі кейіпкерлері Жаңа жылдық мерекеге ерекше сән беріп, жиналған осал санаттағы балаларға жан жылуын сыйлады. Шексіз қуанышқа бөленген балалар әсем шыршаны айнала жаңа жылдық тақпақтар оқып, ән айтып, би билеп, ойындарға қатысып шат-шадыман болды.
Осы орайда мүмкіндігі шектеулі жандарға керемет көңіл күй, қуаныш сыйлауға қол ұшын берген «Науырзым ауданы жастар ресурстық орталығы» КММ еріктілері мен Жамбыл орта мектебінің 10-11 сынып оқушыларына алғыс білдіргім келеді.
Жаңа 2020 жыл Сіздердің барлық істеріңіз бен бастамаларыңызға ақ жол ашып, мол табыстар ала келсін, жетістіктерге толы болсын.
жастар қоғамдық бірлестігінің төрайымы
Нұрсеитова Жібек
Фотоны түсірген автор
У каждого человека есть свой способ оставаться в движении. (далее…)
Одним из награждённых, поднявшихся в этот день на сцену, стал учитель физики из села Шили…
Чествование состоялось во Дворце молодежи «Жастар». На него пригласили более 300 человек со всей области.…
«Труд облагораживает человека» — фраза из одного популярного советского фильма как нельзя точно характеризует жизненную…
Ураганный ветер, обрушившийся 19 августа на Наурзумский район, не прошёл бесследно. (далее…)
Қостанай облысының әкімі Құмар Ақсақалов Науырзым ауданына жұмыс сапарымен барып, аудан тұрғындарымен ашық форматта кездесті.…
This website uses cookies.