Тілдің мәселесі – ұлттың мәселесі

Шекарашылар мемлекеттік тілді жетік меңгерген

Тәуелсіз елдің өзіндік ерекшеліктерінің қатарына мемлекеттік тілді қосуға болады.Себебі әр мемлекеттің өзінің Туы, Елтаңбасы, Әнұраны, шекарасы болатыны секілді мемлекеттік тілі де болады. Демек, мемлекеттік тіл де – мемлекеттігіміздің негізгі нышандарының бірі.

XX ғасырдың басында  ғұлама-ғалым  Ахмет Байтұрсынұлы «Ұлттың жоғалуына себеп болатын нәрсенің ең қуаттысы – тіл, сөзі жоғалған ұлттың өзі де жоғалады»  деген болатын. Туған тіліміз – халқымыздың кешегі жүріп өткен жолын, бүгінгі жалғасқан ғұмырының ертеңге апарар мүддесін бейнелейтін ең басты қазынамыз. Сондықтан да біздер оны құрметтеп, қолдап, аялау керекпіз.

Біздің Ата Заңымызда «Қазақстан Республикасының мемлекеттік тілі – қазақ тілі» деп жазылған.Ал орыс тілін –ресми тіл және мемлекеттік тілмен бірдей қолданылады деп айтылған. Біз Конституция талаптарын мүлтіксіз орындауға міндеттіміз.

ҚР ҰҚК ШҚ Қостанай облысы бойынша Департамент басшысы полковник Арман Жұмахметовтің ұйымдастыруымен шекара сақшыларының арасында мемлекеттік тілді оқыту сабақтары жүйелі түрде өткізілуде. Ал жұмыс барысындағы қолдану аясы кеңіді деп айтуымызға толық негіз бар. Қазақ тілін жетік білетін сардар заңнамаларға сәйкес, құжаттардың екі тілде орындалуын үнемі бақылауда ұстайды. Сонымен қатар мемлекеттік тілде толтырылған құжаттардың грамматикалық жағынан қатесіз орындалуын тексереді.

Арман Орақұлы сияқты қазақ тілін жоғары деңгейде меңгерген басшының қолдауымен бүгінгі күні әскери ұжымдағы мемлекеттік тілде орындалған құжаттардың саны артқанын айтуға болады.

Ата заң аясында бақ-берекеміздің сақталып отырғаны тіл саясатын да дұрыс жүргізудің жемісі екені анық. Тіл – халық қазынасы, ұлттың жаны.  Тілдің мәселесі – ұлттың мәселесі.

Мемлекеттік тілдің мерейін асыратын тек қана өзіміз. Елбасымыз айтқандай, «Қазақстанның болашағы – қазақ тілінде».  Ендеше, тілімізді – ұлтымызды, отбасымызды құрметтегендей қадірлейік!

Манарбек Қарекенов,

Майор ҚР ҰҚК ШҚ Қостанай облысы бойынша департаменті

Редактор

Recent Posts

Ветеран педагогики Маулен Каратаев из Наурзума: «Труд учителя не всегда заметен сразу»

Одним из награждённых, поднявшихся в этот день на сцену, стал учитель физики из села Шили…

2 недели ago

Галина Бабич из села Шолаксай Наурзумского района создает необычные фигуры из бросовых материалов

«Труд облагораживает человека» — фраза из одного популярного советского фильма как нельзя точно характеризует жизненную…

2 недели ago

После урагана в детском саду «Нурбобек» села Буревестник Наурзумского района остались нерешённые вопросы

Ураганный ветер, обрушившийся 19 августа на Наурзумский район, не прошёл бесследно. (далее…)

2 недели ago

Науырзымда халық көтерген мәселелер назарға алынды

Қостанай облысының әкімі Құмар Ақсақалов Науырзым ауданына жұмыс сапарымен барып, аудан тұрғындарымен ашық форматта кездесті.…

2 недели ago

This website uses cookies.