Тәжібаевтардың тартуы
Түркебай мешітінің атауы ілінді
Туған жерге, тұрғылықты халқына қол ұшын беріп, көмек қолын созып жатырған абзал жандар көп болмаса аз емес.
Мақаланың түпкі мақсаты қайырымды жандардың игі істерін көрсетіп, ол кісілердің еңбегін бағалау. Жақсының жақсылығын айт ырысы тасысын демекші, бүгінгі Науырзым ауданының тумаларының қайырымды істерін, Сіздерге жариялау.
Алла Тағала қасиетті Құранда шамасы жеткен мұсылмандарды мешіт салуға және көмектесуге бұйырған. Алланың үйінің кем-кетігін бүтіндегендерге мол сауап бар делінген. Осындай сауабы мол істі Алла үйінен бастаған ағайынды Марат, Ренат, Рустам. Аудандық «Түркебай» мешітінің атауының жазуына арнайы тапсырыс беріп, жазғызған. Ағайынды Тәжібаевтар өздерінің шағын жеке кәсіптерін қазіргі таңда дөңгелетіп отырған жайлары бар.
Демеушілерді іздеп, ұсыныс тастаған Қарамеңді ауыл әкімі Серік Қажиұлының айтуы бойынша ағайынды жігіттердің бірден ұсынысқа келісіп, 100 мыңдай қаражатқа жасатқандарын атап өтті.
Много сидишь в социальных сетях? Тогда читай полезные новости в группах "Qostanai.Media" ВКонтакте, в Одноклассниках, Фейсбуке и Инстаграме. Сообщить нам новость можно по номеру 8-701-031-72-31