Тәрбие сағат
МЕКТЕП ЖАСЫНА ДЕЙІНГІ ПАТРИОТТЫҚ ТӘРБИЕНІҢ МАҢЫЗЫ
Балабақшада берілетін тәрбие-барлық тәрбиенің бастамасы, әрі жан-жақты тәрбие мен дамыту ісінің түпкі негізін қалайтын орын.
«Балдырған» бөбекжай-бақшасында 16 желтоқсан-Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күніне орай балаларды отансүйгіштікке, елжандылыққа тәрбиелеу, айтулы азаматтарымыздың өмір жолын дәріптеу мақсатында «Менің елім Қазақстан» атты тәрбие сағаты өткізілді.
Осы тәрбие сағатында балалар тақпақтарын айтып, патриоттық әндерін орындап, биде билеп өз өнерлерін көрсете білді.
Болашақ ұрпаққа патриоттық сезімдерді жеткізе білсек, баланың көкейіне патриотизм туралы ой сала білсек, үлгі көрсетсек, онда заманға сай, қоғамға керекті азамат, отансүйгіш, елсүйгіш, елге қызмет ететін қайраткер тәрбиелейміз. Болашақ патриот тәрбиелесек бұл еңбегіміздің жанғаны, тәуелсіз елімізге қосқан үлкен үлесіміз болмақ.
Фазылахметова Б. К
МКҚК «Балдырған» б/б педагог-тәрбиеші
Много сидишь в социальных сетях? Тогда читай полезные новости в группах "Qostanai.Media" ВКонтакте, в Одноклассниках, Фейсбуке и Инстаграме. Сообщить нам новость можно по номеру 8-701-031-72-31