Бүгін ауданымызда «Білім берудегі цифрлық инновациялар» тақырыбында тамыз конференциясы өтті.
Осы жиынға аудан басшысы Мәди Ихтиляпов, ҚОәББ мектепке дейінгі және жалпы орта білім беруді дамыту бөлімінің бас маманы Бахытгүл Талканова, аудандық білім беру бөлімінің басшысы Сахан Төленов қатысты. 100 ге жуық ұстаздың басын қосқан жиынның басты мақсаты білім саласын цифырландыру мен жасанды интеллект технологияларының озық үлгілерін енгізу. Өзекті мектеп мәселелеріде назардан тыс қалмады. Жалпы ауданымызда 10 білім беру ошағы бар. Барлық жаңа оқу жылына сақадай дайын. Биыл алғаш мектеп табалдырығын, яғни бірінші сыныпқа аудан бойынша 119 бала барады деп күтілуде.
– Ауданымызда білім беру сапасы жылдан жылға жақсарып келеді. Ұстаздарым мен оқушыларымыз түрлі олимпиадалар мен білім сайыстарына қатысып жүлделі орындар қатарынан көрінді. Оқушыларға жалпы 274 мұғалім білім береді. Биылғы оқу жылында 6 жас ұстаздармен қатары толығуда. 9 мектеп жылдамдығы 100 мб/сек жоғары Starlink спутникке қосылған. Сонымен қатар, Жамбыл, Докучаев және Буревестник жалпы білім беретін мектептері “1000 мектеп” республикалық жобасына кіріп білімдерін шындауда. Ауданымыздың білім беру ұйымдары мемлекеттік аттестациялаудан жақсы нәтижемен өтуде. Биылғы жылы жалпы оқыту қорынан аудан бойынша 303 оқушыға 47307 теңгеден бөлініп, жалпы суммасы 13 миллионға қордан көмек көрсетілесе, “Мектепке жол” қайырымдылық акциясы аясында 101 балаға суммасы 3341229 теңгеге киіндіріп, оқу-құралдарын алып берілді, – деді аудандық білім беру бөлімінің басшысы Сахан Төленов.
Сонымен қатар, бір қатар ұстаздар қауымына Министрлік, білім басқармасының, облыс және аудан әкімінің Құрмет грамоталары табыс етілді.
Жібек МЫРЗАҒАЛИ
Фотоны түсірген автор
Денсаулық сақтау саласына қосқан көпжылдық адал еңбегі мен кәсіби шеберлігі үшін Джайран Валиева «Денсаулық сақтау…
Қарамеңді ауылдық округінде 2025 жылы қыс мезгілінде тұрғындардың қауіпсіз әрі кедергісіз қатынауын қамтамасыз ету мақсатында…
Облыс орталығында Мемлекет басшысының атынан ұйымдастырылған дәстүрлі Президент шыршасы өтті. (далее…)
Аудан орталығында Жаңа жыл мерекесіне орай бас шыршаны жағу рәсімі салтанатты түрде өтті. Мерекелік шараға…
Аудан орталығында Жаңа жыл мерекесіне орай бас шыршаны жағу рәсімі салтанатты түрде өтті. Мерекелік шараға…
Уленды — небольшое село в Наурзумском районе. Это как тихий островок жизни, где люди заботятся о хозяйстве, продолжают…
This website uses cookies.