Шолақсай жалпы білім беретін мектебінде мұражай ашылды

Шолақсай ауылында Науырзым ауданының құрылғанына 60 жыл толу орайына және “Біртұтас тәрбие” бағдарламасы аясында Шолақсай жалпы білім беретін мектебінде мектеп мұражайы ашылды.

Шолақсай мектебінің ашылғанынада 43 жыл, осы жыл арасында көптеген оқушыларға білім нәрін сусындатып келе жатқан білім ошағы. Мұражайдың салтанатты ашылу рәсіміне аудан басшысы Мәди Ихтиляпов, аппарат басшысы Камалхан Қалиева, Шолақсай ауыл әкімі Роза Оспанова, осы мектепте 50 жылдан асам қызмет етіп, білім нәрін сусындатқан ардагер ұстаздар Зосич Людмила Алексеевна мен Мукушева Зияда Кушкунбаевна, сонымен қатар педагогикалық ұжым мен оқушылар қатысты.

Аудан басшысы мектеп ұжымын білім ошағында ашылған мұражаймен ауыл ұстаздарын және оқушыларды құттықтап, мұржайдың өркендеуіне сәттілік тіледі.

-Сіздерді Науырзым ауданының 60 жылдық мерейтойы қарсаңында Шолақсай ауылдық мектеп мұражайының ашылуымен құттықтаймын. Мұражайда мектептің тарихы, оқу-тәрбие қызметі, осы мектепте еңбек еткен барлық ұстаздар мен мектептен түлеп ұшқан түлектері туралы мәлімет беретін болады. Бұл мұражай оқушыларға, қызметкерлерге рухани азық алатын жайлы ортаға айналады деп сенемін. Бүгінгі ашылу салтанатымен құттықтай отырып, сіздерге денсаулық, рухани байлық пен шығармашылық табыс тілеймін!, – деді аудан басшысы.

Мектептің тарихы сонау 1981 жылдан бастау алады. Мұражайда мектептің бастауында тұрған мектеп директорлар мен ұстаздар туралы ақпарат кеңінен бар. Бұл мұражайда сонымен қатар мектепті әр жылда бітіріп кеткен түлектердің суреттеріде қабырғаға ілінген. Мектептің спорттық жетістігіде тыс қалған емес. Мұражай сөрелерінде білім ошағының материалдық тарихы сақталған. Сондай-ақ, мектеп атын облыстық және республикалық деңгейде шығарған түлектер туралы ақпаратты да осы жерден табуға болады. Мұражайды ашу туралы ұсыныс мектеп түлектері мен педагогикалық ұжымның бастамасымен жүзеге асырылған.

Зияда Кукунбаевна құрметті демалысқа шыққан ұстаздың бірі. Осы білім ошағында 45 жылдан астам еңбек еткен. Бастауыш сынып мұғалімі болып еңбек еңбек еткен. Зейнетке шыққанына 10 жыл болыпты. Сонда да мектептің қоғамдық өмірінен қол үзген емес.

-Бүгін ауылымызда ауыл тұрғындары мен ұстаздар қауымы үшін тарихи күн десем артық емес. Ауданымыздың құрылғанына 60 жыл толуына орай мектебімізде мұражай ашылып отыр. Мұражайдың ашылуына байланысты ұстаздар қауымы көп еңбек жасап, мектебіміздің тарихын қамтып, бізге көрсетіп отыр. Алдағы уақытта мұражайдың тарихын байыта отырып, көп еңбек жасай беріңіздер. Мектебімізді, ұжымымды жақсы көремін. Оқушылары да, ұстаздары да жақсы. Мектеп жаңартылып жатыр, керемет жаңа мұражай ашылды. Бізді ұмытпайтын ұжымға үлкен рахмет. Әрқашан мектепте өтетін шараларға шақырып отырады. – деп ақжарма тілегін жеткізді Зияда апай.

Жас ұрпақтың ұлттық құндылықтарды бойына сіңіріп өскені маңызды. Тәрбиенің бір ошағы мектепте тереңнен сыр шертетін тарихи-танымдық дүниелері бар мұражай жұмыс істейтін болады. Мұражайдың жетекшісі болып тарих пәнінің мұғалімі Александр Шавлак тағайындалған. Александр мектеп оқушылар мен келген қонақтарға мектептің бұрыңғы директорларынан бастап қазіргі күнге дейінгі ұстаздар қауымымен, түлектер туралы көптеген мәліметтер берді.

Жақсы бастамаларға сүйсіне отырып, түйіндеп айтсақ, ауданымызда әрбір мектепте үлкенді-кішілі мектеп мұражайлары осылайша жолға қойылса, болашақ ұрпағымыздың, жас өрендеріміздің өз туған жерлерінің нағыз жанашырлары, Отанымыздың ел сүйер перзенттері, тұлғалы азаматтары болуына жол ашып тұрары айқын.

Жібек МЫРЗАҒАЛИ
Фотоларды түсірген автор

Редактор

Recent Posts

Науырзымдық оқушылар арасында әскери-патриоттық үш күндік басталды

Ауданымыздағы білім беру ұйымдарында жас ұрпақтың бойына отансүйгіштік рухты сіңіру, елін, жерін сүюге тәрбиелеу мақсатында…

2 дня ago

Науырзым ауданында Ақылбек Шаяхметтің «Жүрегінен жырдың кенін ағызған» атты әдеби кеші өтті”

Науырзым ауданында қазақ әдебиетінің көрнекті өкілі, ақын, жазушы, драматург, көсемсөзші-журналист, Қазақстан Жазушылар одағының мүшесі Ақылбек…

2 дня ago

Науырзым ауданы: Әулет ұйытқысы болған ақ жаулықты ана

Аналар мерекесіне орай ауданымыздағы көп балалы ана, «Алтын алқа» иегері Назаркүл Қаратышқанованың шаңырағында болып, тағылымы…

1 неделя ago

В селе Караменды Наурзумского района высадили более 600 берёз и продолжили работу по благоустройству родного края

По инициативе Главы государства Касым-Жомарта Токаева с 2024 года по всей республике реализуется масштабная экологическая акция…

1 неделя ago

В Наурзумском районе прошел XXXVIII областной фестиваль-конкурс художественной самодеятельности «Өнеріміз саған Қазақстан!»

Мероприятие, приуроченное к 90-летию образования Костанайской области, состоялось в актовом зале Докучаевской общеобразовательной школы. (далее…)

2 недели ago

This website uses cookies.