Шолақсай жалпы білім беретін мектебінде мұражай ашылды

Шолақсай ауылында Науырзым ауданының құрылғанына 60 жыл толу орайына және “Біртұтас тәрбие” бағдарламасы аясында Шолақсай жалпы білім беретін мектебінде мектеп мұражайы ашылды.

Шолақсай мектебінің ашылғанынада 43 жыл, осы жыл арасында көптеген оқушыларға білім нәрін сусындатып келе жатқан білім ошағы. Мұражайдың салтанатты ашылу рәсіміне аудан басшысы Мәди Ихтиляпов, аппарат басшысы Камалхан Қалиева, Шолақсай ауыл әкімі Роза Оспанова, осы мектепте 50 жылдан асам қызмет етіп, білім нәрін сусындатқан ардагер ұстаздар Зосич Людмила Алексеевна мен Мукушева Зияда Кушкунбаевна, сонымен қатар педагогикалық ұжым мен оқушылар қатысты.

Аудан басшысы мектеп ұжымын білім ошағында ашылған мұражаймен ауыл ұстаздарын және оқушыларды құттықтап, мұржайдың өркендеуіне сәттілік тіледі.

-Сіздерді Науырзым ауданының 60 жылдық мерейтойы қарсаңында Шолақсай ауылдық мектеп мұражайының ашылуымен құттықтаймын. Мұражайда мектептің тарихы, оқу-тәрбие қызметі, осы мектепте еңбек еткен барлық ұстаздар мен мектептен түлеп ұшқан түлектері туралы мәлімет беретін болады. Бұл мұражай оқушыларға, қызметкерлерге рухани азық алатын жайлы ортаға айналады деп сенемін. Бүгінгі ашылу салтанатымен құттықтай отырып, сіздерге денсаулық, рухани байлық пен шығармашылық табыс тілеймін!, – деді аудан басшысы.

Мектептің тарихы сонау 1981 жылдан бастау алады. Мұражайда мектептің бастауында тұрған мектеп директорлар мен ұстаздар туралы ақпарат кеңінен бар. Бұл мұражайда сонымен қатар мектепті әр жылда бітіріп кеткен түлектердің суреттеріде қабырғаға ілінген. Мектептің спорттық жетістігіде тыс қалған емес. Мұражай сөрелерінде білім ошағының материалдық тарихы сақталған. Сондай-ақ, мектеп атын облыстық және республикалық деңгейде шығарған түлектер туралы ақпаратты да осы жерден табуға болады. Мұражайды ашу туралы ұсыныс мектеп түлектері мен педагогикалық ұжымның бастамасымен жүзеге асырылған.

Зияда Кукунбаевна құрметті демалысқа шыққан ұстаздың бірі. Осы білім ошағында 45 жылдан астам еңбек еткен. Бастауыш сынып мұғалімі болып еңбек еңбек еткен. Зейнетке шыққанына 10 жыл болыпты. Сонда да мектептің қоғамдық өмірінен қол үзген емес.

-Бүгін ауылымызда ауыл тұрғындары мен ұстаздар қауымы үшін тарихи күн десем артық емес. Ауданымыздың құрылғанына 60 жыл толуына орай мектебімізде мұражай ашылып отыр. Мұражайдың ашылуына байланысты ұстаздар қауымы көп еңбек жасап, мектебіміздің тарихын қамтып, бізге көрсетіп отыр. Алдағы уақытта мұражайдың тарихын байыта отырып, көп еңбек жасай беріңіздер. Мектебімізді, ұжымымды жақсы көремін. Оқушылары да, ұстаздары да жақсы. Мектеп жаңартылып жатыр, керемет жаңа мұражай ашылды. Бізді ұмытпайтын ұжымға үлкен рахмет. Әрқашан мектепте өтетін шараларға шақырып отырады. – деп ақжарма тілегін жеткізді Зияда апай.

Жас ұрпақтың ұлттық құндылықтарды бойына сіңіріп өскені маңызды. Тәрбиенің бір ошағы мектепте тереңнен сыр шертетін тарихи-танымдық дүниелері бар мұражай жұмыс істейтін болады. Мұражайдың жетекшісі болып тарих пәнінің мұғалімі Александр Шавлак тағайындалған. Александр мектеп оқушылар мен келген қонақтарға мектептің бұрыңғы директорларынан бастап қазіргі күнге дейінгі ұстаздар қауымымен, түлектер туралы көптеген мәліметтер берді.

Жақсы бастамаларға сүйсіне отырып, түйіндеп айтсақ, ауданымызда әрбір мектепте үлкенді-кішілі мектеп мұражайлары осылайша жолға қойылса, болашақ ұрпағымыздың, жас өрендеріміздің өз туған жерлерінің нағыз жанашырлары, Отанымыздың ел сүйер перзенттері, тұлғалы азаматтары болуына жол ашып тұрары айқын.

Жібек МЫРЗАҒАЛИ
Фотоларды түсірген автор

Редактор

Recent Posts

Алибек Баймагамбетов из села Караменды Наурзумского района верен профессии электрика уже 20 лет

По его словам Алибека Сейлханулы, она дает стабильность, неплохой доход и возможность чувствовать себя востребованным.…

3 дня ago

Докучаевская ОШ Наурзумского района будет выступать на XXVII областном слете школьных отрядов ЮИД

Главная цель этого движения - формировать у подрастающего поколения уважение к законам и правилам, которые обеспечивают безопасность всех…

7 дней ago

В селе Караменды Наурзумского района прошли соревнования по тогызкумалак и асык ату в рамках концепции «Наурызнама»

В День национальных видов спорта сотрудники ГУ «Отдел физической культуры и спорта Наурзумского района» организовали…

2 недели ago

Наурыз мейрамын науырзымдықтар жоғары деңгейде тойлатты

Бүгін Науырзым ауданында тоқшылық пен береке-бірліктің мерекесі – Наурыз мейрамы арнайы орталық алаңда ұйымдастырылды (далее…)

3 недели ago

This website uses cookies.