Биыл ұлы тұлға – Абай Құнанбайұлының туылғанына 175 жыл толуда. Соған орай Шолақсай орта мектебінде 3 қазан күні «Ұлы тұлға-Абай» атты ақын өлеңдерін жатқа мәнерлеп оқу сайысы өтті.
Сайыстың мақсаты – қазақтың бас ақыны, ұлы дана, ойшыл, сазгер Абай Құнанбаевтың мол мұрасын насихаттап, сол арқылы жастардың бойына мақтаныш сезімін тудыру және қазақтың бай тілі мен әдебиетін, сөз құдіреті мен көркем сөздің мәйегін сіңдіру болды. Бұл шараны ұйымдастырға мектебіміздің мұғалімдері мен мектеп оқушылары белсене ат салысты.
Жалпы сайысқа мектеп ішінен 5-11 сынып оқушылары арасынан 16 оқушы қатысты. Бастауыш мектеп оқушылары осы бағдарламаға арнап өз өнерлерін көрсетті.
Байқаудың алдында мектебіміздің жас мамандары Абай туралы «Құнанбайдың Мекке атануы» атты көрініс қойды. Көрініс көрермендердің көнілінен шықты. Байқау өте тартысты өтті. Қазылар алқасына да қатысушыларды бағалау қиынға түсті.
Себебі, сайыскерлердің бәрі дерлік ақынның өлеңін жәй жаттап қана қоймай, оқушылардың мықты дайындығы айқындалып тұрды.
Бастауыш сынып мұғалімі – Осипова Г, Бастауыш сынып мұғалімі – Пискунова Н, Тәрбие іс- жөніндегі орынбасары – Т.Фазыловадан құралған. Әділ қазылар алқасы оқушылардың тіл тазалығы жағынан, шығарма таңдау жағынан және ақынның шығармаларын нақышына келтіріп жатқа айтуы мен сахналық мәдениетіне қарай бағалады. Сонымен әділ қазылар шешімі бойынша Мырзагулова Жанель Гран при иегері болды. Ортанғы буын бойынша 3 жүлделі орын және жоғарғы буын бойынша 3 жүлделі орын болды. Нәтижесінде, III орынды 10 «Б» және 5 «Б» сынып оқушылары – Мельник Юля мен Булко София өзара бөліссе, II орын 9 «А» сынып оқушысы Мырзагулов Ерасыл мен 8 «А» сынып оқушысы Уразали Гүлданаға бұйырды, ал I орынды 10 «Б» сынып оқушысы Жексембаева Дарига мен 6 «А» сынып оқушысы Сейілжан Аймира жеңіп алды. Барлық жеңімпаздар мақтау қағаздармен кішігірім сыйлықтар және өзге де қатысушылардың барлығы белсене қатысқаны үшін марапатталды.
Елбасының Семей жеріне жасаған бір сапарында: «Сегіз ұлым бір төбе, Ертөстігім бір төбе» демекші, кең байтақ қазақ елінің өзге өңірлері бір төбе, Абай елі бір төбе» деген бейресми бір ауыз пікірі қанатты сөзге айналғалы қашан. Әлбетте, осынау астарлы ойдың сары алтындай салмағы бар.
Расында, қазақ халқының әрбір әйгілі тұлғаларының Абайға айналып соқпағаны болмаған. Солардың ішінде мемлекет басшысы, еліміздің тұңғыш Президенті Нұрсұлтан Нзарбаевтың Абайды насихаттауға, хакімді күллі әлемге танытуға күш салғаны өз алдына бір пара әңгіме.
Оның ішінде Абай жерін атом аждаһасынан арашалап алуының өзі неге тұрады?
«Ақыл, қайрат, жүректі бірдей ұста, сонда толық боласың елден бөлек» деп дана ақынның өзі айтқандай, бүгінде сарабдал саясатымен әлемді мойындатқан Елбасының Абайға деген құрметі, ықылас-ілтипаты тіптен ерекше. Оған Ұлт Көшбасшысының әр жылдарда жарық көрген деректі туындыларындағы бірқатар тақырыптарға Абай сөзін тұздық етуі дәлел болса керек. Ал біздің айтарымыз біреу ғана. Абайдың Алаш баласына өсиет еткен «кемел адам» атты философиялық ұғымын Елбасының да мұрат тұтқаны һәм бойынан көрініс тапқаны – ақиқат…
Алма Искакова Шолақсай орта мектебінің тәлімгері
Абу-Даби қаласында қараша айының 10-11 күндері джиу-джитсудан Әлем чемпионаты өткен болатын (далее…)
Абу-Даби қаласында қараша айының 10-11 күндері джиу-джитсудан Әлем чемпионаты өткен болатын (далее…)
2024 жылдың 14 қарашасында ауданымызда Жамбыл орта мектебінде 30 жыл басшы болып қызмет еткен және…
Биыл 15 қарашада Қазақстанның мемлекеттік егемендігінің маңызды атрибуттарының бірі – «Ұлттық валюта» теңгеге 31 жыл…
Абу -Даби қаласында қараша айының 10-11 күндері джиу-джитсийдан Әлем чемпионаты өткен болатын. Әлемның түкпір түкпірен…
АҚШ- тың Лас-Вегас қаласында дзюдодан күрес шеберлері арасындағы әлем чемпионатында 90 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде…
This website uses cookies.