Саудасы қызған жәрмеңке
Бүгін Науырзым ауданының тұрғындарына ауыл өнімдері арзан бағада ұсынылылды
Жәрмеңке — жылдың белгілі бір мерзімдерінде сауда-саттық ұйымдастырылып отыратын орын. Жәрмеңкенің мақсаты – тұрғындарға сапалы қызмет жасап, базар мен дүкендегі тауарлардан төмен бағада сатып, халыққа қолайлы жағдайда жасау.
Жауапты қызметкерлердің басты міндетті жәрмеңкеге алып келген тауарлардың қаншалықты сапалы, бағасы тұрғындарға қолайлы ма және де өлшем таразылардың ақаулығы жоқ па деген арнайы зерттеу жүргізіп тексеру болатын.
Аудан әкімшілігінің ұйымдастыру бойынша әкелінген өнімдер өз бағасынан 20%-ға арзан сатылды.
Жәрмеңкеге жиылған жұрт күллі сауда орындарын аралап бағаларын көріп шықты. Көпшіліктің көңіл толмағандары көрініп тұрды. Оның себебін сұрағанымызда жәрмеңкеге әкелінген тауарлардың бағалары 20%-ға емес, небары 10%-ға ғана төмен болғанын айтып отыр.
Дәмді ауылынан келген сатушы Нұргүл бүгінгі жәрмеңкеге көңілі толатындығын айтты. Ережеге сай өнімідерінің төмен бағада сатып отырғанын айтты.
Мәселен, 35 теңгеге сатылып тұрған жұмыртқаны 25 теңгеге, өз бағасы 700 теңге тұратын қаймақ литр 500 теңгеге сатылуда. 1 сағат ішінде өнімдерінің біразы өтіп кеткенін айтқан Нұргүл өз ризашылдығын білдірді.
Десекте, Ауыл тұрғындарының үйлеріне қажетті өнімдері алып сауданы қыздарып жіберді. Қыста бағасы шарықтап кетеді деген Гүлзейнеп апай картоп пен жуаны қаптап алғанын айтты.
Қожа ауылынан әкелінген қарбызды алуға адамдар көп болды. Қарбыздың кг 40 теңгеден сатылды. Сатып алушылар дәмін татып көріп, алып жатты. Нағыз “науырзымның қарбызы”.
Много сидишь в социальных сетях? Тогда читай полезные новости в группах "Qostanai.Media" ВКонтакте, в Одноклассниках, Фейсбуке и Инстаграме. Сообщить нам новость можно по номеру 8-701-031-72-31