Құрметті қаржы саласының қызметкерлері!

Сіздерді, Ұлттық валюта – теңге күнімен және Қазақстан Республикасының қаржы жүйесі қызметкерлерінің кәсіби мерекесімен шын жүректен құттықтаймын!

Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев 1993 жылдың 13 қарашасында республикамыздың Ұлттық валютасы -теңгені айналымға енгізу жөнінде Жарлыққа қол қойып, 15 қарашадан қазақ елінің төл теңгесі отандық экономиканың өркендеуіне белсенді қызмет етіп келеді.

Егемен елдің ажырамас айғағы ретінде ұлттық валютаның айналымға енуі – қоғам өміріндегі аса маңызды оқиға болды. Бұл Қазақстан Республикасының дамудың дара да даңғыл жолына түскендігін көрсетті. Ұлттық валютаның пайда болуы нарықтық қарым-қатынастың дамып, тиімді банк жүйесінің қалыптасуына тың серпін берді. Қысқа мерзімде елімізде негізін банк жүйесі құрайтын қаржы секторы қайта құрылып, Мемлекет басшысының жыл сайынғы Қазақстан халқына арнаған Жолдауларындағы міндеттерді жүзеге асыруда үлкен рөлге ие болып келеді. Қазақстанның әлемдік экономикаға ойдағыдай кіруі, халықаралық мәндегі серпінді жобаларды жүзеге асыру, инфляцияны тежеу және қаржылық нарықтың тұрақтылығын сақтау, экономикалық өсімді ынталандыру қаржы саласына тікелей байланысты.

Мемлекет басшысының сындарлы саясатының арқасында Қазақстан тұтас бір дәуірге барабар жолдан өтті. Осындай жетістікке жетуге, тәжірибелі, өз ісіне шынайы берілген, жоғары білікті мамандар еңбек ететін, ауданымыздың қаржы саласы қызметкерлерінің де сіңірген зор еңбегін атап өткен жөн. Себебі, сіздердің тәжірибелеріңіз, кәсіптік біліктіліктеріңіз ауданымыздың әлеуметтік-экономикалық дамуына үлкен үлес қосуда. Алдағы уақытта да еңбектеріңіз жемісті болып, қаржылық қызметте тұрақтылық пен жаңа белестерге жетулеріңізге тілектеспін.

Қымбатты қаржыгерлер!

Сіздерді тағы да мерекелеріңізбен шын жүректен құттықтаймын! Дендеріңізге саулық, отбасыларыңызға амандық тілеймін!

Науырзым ауданының әкімі Т.Карбозов
________________________________________________________________________________________

Уважаемые работники финансовой сферы!

От всего сердца поздравляю вас с Днем национальной валюты – тенге и Днем работников сферы финансов Республики Казахстан!

13 ноября 1993 года Елбасы Нурсултан Абишевич Назарбаев подписал Указ о введении национальной валюты – тенге, и с 15 ноября того же года новая валюта активно вступила в дело развития отечественной экономики.

Введение собственной валюты как неотъемлемого атрибута суверенной страны стало важнейшим событием в жизни нашего общества. Этот шаг показал, что Республика Казахстан вступила на твердый и широкий путь своего развития.

Использование национальной валюты стало импульсом для развития рыночных отношений, оказало влияние на становление эффективной банковской системы. За короткое время был заново сформирован финансовый сектор, составляющий основу банковской системы и играющий ведущую роль в реализации ежегодных Посланий Главы государства народу Казахстана. С финансовой системой тесно связаны такие задачи, как успешное вхождение Казахстана в мировую экономику, реализация важных проектов международного значения, сдерживание инфляции, стабилизация финансового рынка и стимулирование экономического роста.

В результате взвешенной политики Главы нашего государства наша страна прошла большой и славный путь. И в достижении этого успеха есть вклад и работников сферы финансов нашего района, которые вкладывают все свои силы, знания и энергию во благо всего государства. И я уверен, что вы и впредь будете работать также продуктивно, достигая новых успехов в своей деятельности.

Уважаемые финансисты!

Еще раз поздравляю вас с вашим профессиональным праздником. Желаю вам крепкого здоровья и семейного благополучия!

Аким Наурзумского района Т.Карбозов

Редактор

Recent Posts

«Достық әнін шырқайық» атты мерекелік концерт өтті

Бүгін аудандық мәдениет үйінің өнерпаздарының қатысуымен Докучаев жалпы білім беретін мектебінде 1 мамыр - Қазақстан…

5 дней ago

Праздничным концертом в Наурзумском районе отметили 70-летие целины

18 апреля в стенах Докучаевской общеобразовательной школы прошло мероприятие, посвященное целинникам - людям, которые не…

2 недели ago

На мосту в Наурзумском районе образовалась трещина

14 апреля 2024 года на автодороги областного значения КР -20 Аулиеколь-Жолдама на мосту находящегося в…

3 недели ago

«Ауыл аманаты»: Дархан Есенбаев жылқы басын көбейту үшін 7 миллион 150 мың теңге қаражат алды

Дархан Есенбаев «Ауыл аманаты» мемлекеттік бағдарламасына қатысып, жылқы басын көбейту үшін 7 миллион теңгеден астам…

4 недели ago

Қарамеңді Раздольный-Аралкөл бағытында жүретін обоыстық маңызы бар автожол 9 сәуір күні қалпына келтірілді

Қарамеңді Раздольный-Аралкөл бағытында жүретін обоыстық маңызы бар автожол 9 сәуір күні қалпына келтірілді (далее…)

4 недели ago

This website uses cookies.