Мемлекет басшысының ауылдық инфрақұрылымды дамыту жөніндегі тапсырмасына сәйкес Қожа ауылында ұзындығы 9 шақырым кірме жолға асфальт төсеу аяқталуда.Қожа ауылына кіре беріс жол жергілікті тұрғындар тарапынан жылда көтерілетін басты мәселелердің бірі еді. Тозығы жеткен жол ауылдан қатынағандар үшін айтарлықтай қиындық тудыратын. Әсіресе, көптен жөідеу көрмеген жолда күз бен көктем мезгілдерінде халықты біраз әуреге салатын еді. Міне, ауыл халқы көптен күткен мәселенің оң шешімі табылып, биыл орташа жөндеуден өтті. Бұл жоба көліктік қолжетімділікті арттыру және ауыл тұрғындарының өмір сүру сапасын жақсарту үшін маңызды.
– Науырзым ауданы Қожа ауылына 0-9 шақырым кіреберіс жолды орташа жөндеу өз деңгейінде жасалып уақытылы бітуде, мердігер «Валерия М.М.» ЖШС болып табылды, келісім-шарт құны ҚҚС-пен 556 млн 738 мың теңге, жұмыс 95 пайызға орындалды, 9 шақырым асфальт жабын төселді, қазіргі таңда жол белгілері орнатылуда. Жалпы, ауданымызда жол инфрақұрылымын дамыту мақсатында бекітілген жоспарға сәйкес жолдарды жақсы және қанағаттанарлық деңгейге жеткізу мақсатында тиісті жұмыстар кезең-кезеңімен жүзеге асуда, – дейді “Науырзым ауданының ТКШ, жолаушылар көлігі, автомобиль жолдары және тұрғын үй инспекциясы бөлімі”ММ -нің м.а Нұрбол Аманжол.
– Ауыл халқы ризамыз, осы жолдың жөнделуін көп күтті. Қыста жүруге болады. Көктем жаз, күз айларында жаңбыр жауғанда тіпті жол жүру қиындап кететін еді. Ал, қазір ауылымызға кіре беріс жолдың жөнделіп жатқаның көріп қуанып жүрміз. Аудан әкімімен өтетін жиында ауыл халқының басты мәселесі осы тоғыз жолдың торабы еді. Бұл мәселе аудан, облыс деңгейінде көтеріліп халықты қуанышқа бөлеп жатыр десем артық емес, – дейді ауыл тұрғыны Жұмабай Ерманов.
Осылайша автомобиль жолдарының жөнделуі көлік-коммуникация кешенінің басты элементінің бірі ретінде қызмет қылып, дамытылса, оның ел экономикасының қарқыны артуына да игі әсері болмақ. Бұл туралы Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев өзінің сөздерінде сан мәрте айтқан болатын.
Жібек МЫРЗАҒАЛИ
Ауданымызда 1 қыркүйек – Білім күніне арналған салтанатты жиындар өтіп, жаңа оқу жылына алғашқы қадам…
Коммунальные службы и ответственные организации заранее проводят комплекс необходимых мероприятий, чтобы с наступлением холодов объекты…
Особое внимание уделяют безопасности детей и общественному порядку (далее…)
Ее главная цель — оказать необходимую помощь детям из малообеспеченных и многодетных семей, а также…
На проект выделяется более 2,6 миллиарда тенге, а сам ремонт включает укрепление основания дорожного полотна…
В этом году совещание было посвящено теме «Нормы и ценности новой Народной Конституции: развитие человеческого…
This website uses cookies.