Қожа ауылындағы тағылымы мол іс шара

«Қазақстан білім беру ісінің үздігі» Әлімғазы Ермекбайұлының құрметіне тарих, география дәрісханасы ашылды

13 мамыр күні Науырзым аудан әкімі Қайрат Әбішев ауылды жерлерді аралау барысында, ат басын Қожа ауылына бұрды. Барлық мекемелермен танысып, ауыл тіршілігімен тынысып қайтты.

Сонымен қатар, Науырзым ауданының Қожа ауылында Қостанай облысы әкімдігі білім басқармасының « Науырзым ауданы білім бөлімінің Науырзым жалпы білім беретін мектебі» КММ ұйымдастыруымен болған, «Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында және биыл еліміздің Тәуелсіздік алғанына 30 жыл толуына орай, Қожа ауылының мектебінде «Әлімғазиев» шаруа қожалығының директоры Ақылбек Әлімғазыұлының демеушілігімен «Қазақстан білім беру ісінің үздігі Әлімғазы Ермекбайұлы атындағы тарих, география дәрісханасының ашылуына арнайы қатысып, лентасын қиды.

Жалпы, Қожа бөлімшесі 1975 жылы жаңа Науырзым ауылы болып ашылған. Осы жылдан бастап Қожа елді мекенінде жаңа үйлер, мектеп тұрғызыла бастады. 1975 жылы алғашқы мектеп директоры болып Әлімғазы Ермекбайұлы қызмет еткен. Осы кісінің құрметіне мектеп ішінен «тарих және география» дәрісханасы ашылып отыр. Дәрісхананы толығымен материялдық-техникалық базамен Ақылбек Әлімғазыұлы қамтамасыз етті.

Әлімғазы Ермекбайұлының өмірі мен еңбек жолы жөнінде айта кететін болсақ. Әлімғазы атамыз Семиозер ауданы Ақсуат ауылында 1932 жылы 1 қаңтарда дүниеге келген. 1946-1949 жж. Мендіқара қазақ педагогикалық училищесінде оқып, 1950-54 жж. Орал педагогикалық институтында қазақ тілі мен әдебиеті, 1964 жылы тарих, қоғамтану мамандығын оқыған. 1954-63 жж. Семиозер ауданы, Сұлукөл орта мектебінде мұғалім болып жұмыс істеп, 1963-69 жылдар Наурыз орта мектебінің директоры қызметін атқарады. 1969-1974 жж Науырзым совхозының партиялық комитетінің хатшысы болған. 1969-1987 жж. Науырзым ауылдық округінің депутаты болды. 1975-79 жылдары жаңа Науырзым орта мектебінің директор және орынбасар болып жұмыс істеді. 1979-82 – совхоздың партиялық оқуының мұғалімі және насихаттаушысы. 1982-85 жылдары Наурызым ауылдық кеңесі төраға қызметін атқарды. 1986-96 жж. Науырзым орта мектебінің тарих және география пәнінің мұғалімі болып жұмыс істеді. 1990-2005 жж Науырзым ауылдық округінің соғыс және еңбек ардагерлері кеңесінің төрағасы болған. Жалпы жұмыс өтілі – 47 жыл. Көп жылдық еңбегі үшін көптеген марапаттарға ие болған. Мектеп ұжымы осындай қазіргі заманға сай безендірілген кабинетке дән риза екендерін айтуда.

Науырзым жалпы білім беретін мектебінде әкемізге арнап тарих, география дәрісханасы ашылып жатыр. Кабинеттің ашылуы біз, яғни балалары үшін зор мақтаныш.   Абай атамыз айтқандай  “Сен де  – бір кірпіш дүниеге, кетігін тап та бар қалан” демекші әкеміз осы мектептің бір кірпішін қалап, өз үлесін қосып кетті. Мектепте әкеміздің аты мәңгі өшпейді деген сенімдеміз. Қожа ауылы әкімдігі және барлық балаларының атынан мектеп басшысы және ұжымына еңбекте табыс, шығармашылық жетістіктерге жете беріңіздер. Әкеміз сияқты мектепте  ұлы ұстаздар көбейе берсін, – деді ұлы Сәрсенбек Әлімғазыұлы.

-Бүгін мектебімізде Әлімғазы Ермекбайұлына арналған тарих, география кабинетінің ашылуын өткізіп отырмыз. Әлімғазы Ермекбайұлына ауылымыз совхоз болып құрылғаннан бері алғаш директор, ұлағатты ұстаз болып істеген кісі болатын. Мектебімізге еңбегі сінген азаматтардың бірі. Енді осы дәрісхананың ашылуына көп көмегін тигізген ауылымыздағы жеке шаруашылық қожалығының басшысы Ақылбек Әлімғазиевке айтар алғысымыз көп, – дейді мектеп директоры Жанат Сейілбекқызы.

Айгүл Сабитбекова

Редактор

Recent Posts

Праздничным концертом в Наурзумском районе отметили 70-летие целины

18 апреля в стенах Докучаевской общеобразовательной школы прошло мероприятие, посвященное целинникам - людям, которые не…

2 недели ago

На мосту в Наурзумском районе образовалась трещина

14 апреля 2024 года на автодороги областного значения КР -20 Аулиеколь-Жолдама на мосту находящегося в…

2 недели ago

«Ауыл аманаты»: Дархан Есенбаев жылқы басын көбейту үшін 7 миллион 150 мың теңге қаражат алды

Дархан Есенбаев «Ауыл аманаты» мемлекеттік бағдарламасына қатысып, жылқы басын көбейту үшін 7 миллион теңгеден астам…

3 недели ago

Қарамеңді Раздольный-Аралкөл бағытында жүретін обоыстық маңызы бар автожол 9 сәуір күні қалпына келтірілді

Қарамеңді Раздольный-Аралкөл бағытында жүретін обоыстық маңызы бар автожол 9 сәуір күні қалпына келтірілді (далее…)

3 недели ago

Автодорога к селу Раздольное Наурзумского района размыта

7 апреля на автодороге   «Караменды–Раздольное-Аралколь»  произошло подтопление  дороги (далее…)

3 недели ago

Науырзым ауданында қоғамдық монша ашылды

Ұлыстың ұлы күні қарсаңында Қарамеңдіде қоғамдық монша пайдалануға берілді. Бұл игі істі науырзым ауданының қос…

1 месяц ago

This website uses cookies.