Облыстық ақпараттық насихат тобының мүшесі келді
2019 жылдың 7 тамыз күні халықтың діни сауаттылығын арттыру бойынша облыстық ақпараттық насихат тобының мүшесі Нөгербеков Н.Қ. аудандық аурухана мен халықты жұмыспен қамту орталығында кездесулер өткізді
Кездесу барысында Нурикан Қажмұқанұлы қоғамда дін атын жамылып ұлттың өркениеті мен мәдениетін теріске шығарушы көптеген ағымдардың пайда болғаны және олардың жастарға біршама қауіп төндіретіні туралы сөзге тиек етті.
Айта кететін жайт – жалпы ауданымызда діни ахуал бірқалыпты, әлеуметтік шиеленіс ошақтары жоқ.
Сонда да діни жағдайды қадағалау, тұрғындардың діни сауаттылығын арттыру – біздің міндетіміз. Сондықтан бұл жұмыстар ары қарай жалғасын табады.
Ішкі саясат бөлімі
Много сидишь в социальных сетях? Тогда читай полезные новости в группах "Qostanai.Media" ВКонтакте, в Одноклассниках, Фейсбуке и Инстаграме. Сообщить нам новость можно по номеру 8-701-031-72-31
0 просмотров