Облыс әкімінің орынбасары Сергей Карплюк Науырзым ауданында

Іс – сапар барысында «Жұмыспен қамтудың жол картасы» бағдарламасы аясында жүргізіліп жатқан нысандарды аралады

Қостанай облысы әкімінің орынбасары Сергей Карплюк жұмыс сапарымен Науырзым ауданында болды. Жұмыс сапары барысында аудан әкімі Талғат Карбозовпен және тиісті сала басшыларымен бірге Шолақсай ауылындағы бөгеттің күрделі жөндеу жұмыстарының құрылысымен танысудан бастады.

Шолақсай ауылында орналасқан бөгет 1970 жылы салынған. 10 метрлік ойпатқа көктемгі еріген қар және жаңбыр сулары бөгеттен асып, ауылды су басып кету және облыстық тас жолын шайып кету қауіпін тудырған еді. Осы апатты болдырмау мақсатында, биыл «Жұмыспен қамту жол картасы 2020» бағдарламасы аясында Республикалық бюджеттен 99 000,383 мың. теңге бөлінді. Құрылыстың жалпы сметалық құны 100 797,204 мың. теңге. Бөгеттің ұзындығы – 1089 м, биіктігі – 6,6 м, ені -10,2 м. Жобақұрастырушы «АСИ» ЖШС.

Мердігер «Строитель 2003» ЖШС басшысы Қ.Қабасов облыс әкімінің орынбасарына құрылыс барысын түсіндірді. «Жұмыспен қамту жол картасы 2020» бойынша осы құрылысқа Шолақсай ауылынан 12 адам алынған. Құрылыс жұмысы маусым айынан басталып, тамыз айында аяқтау жоспарлануда.

Сонымен қатар Сергей Карплюк «Докучаевка – Раздольный- Аралкөл» 23-34 шақырым тас жолдарының жұмыс барысын қарады. Сондай ақ мамыр айынан басталған инфрақұрылымдық құрылыс жұмыстары: Науырзым ауданы Қарамеңді ауылындағы жылу трассасы бар қазандық құрылысы бойынша және Науырзым ауданы Қарамеңді ауылы 18 пәтерлі тұрғын үйінің құрылысымен танысты.

Осы екі құрылыс бойынша жауапты мердігер «Алюминстрой» ЖШС-нің басшысы Абай Мұқанов құрылыс жұмыстарымен таныстырып, қыркүйек айында аяқталатының жеткізді.

“Науырзым танысы”

Редактор

Recent Posts

Ветеран педагогики Маулен Каратаев из Наурзума: «Труд учителя не всегда заметен сразу»

Одним из награждённых, поднявшихся в этот день на сцену, стал учитель физики из села Шили…

2 недели ago

Галина Бабич из села Шолаксай Наурзумского района создает необычные фигуры из бросовых материалов

«Труд облагораживает человека» — фраза из одного популярного советского фильма как нельзя точно характеризует жизненную…

2 недели ago

После урагана в детском саду «Нурбобек» села Буревестник Наурзумского района остались нерешённые вопросы

Ураганный ветер, обрушившийся 19 августа на Наурзумский район, не прошёл бесследно. (далее…)

2 недели ago

Науырзымда халық көтерген мәселелер назарға алынды

Қостанай облысының әкімі Құмар Ақсақалов Науырзым ауданына жұмыс сапарымен барып, аудан тұрғындарымен ашық форматта кездесті.…

2 недели ago

This website uses cookies.