Осы жиында конференция делегаттары мен саяси бюроның жаңа құрамы бекітілді
2021 жылдың 28 сәуірінде «Nur Otan» партиясы Науырзым аудандық филиалының төрағасы Талғат Тойшыбекұлы Карбозовтың төрағалығымен XXVII есептік – сайлау конференциясы өтті. Офлайн режимде өткен конференция жұмысына Науырзым аудандық мәслихатының депутаттары, партия филиалының Саяси кеңесі мен Саяси кеңес Бюросының мүшелері, 12 бастауыш партия ұйымдарының делегаттары қатысты.
Партияның Науырзым аудандық филиалы төрағасының бірінші орынбасары Болат Жағыпарұлы Сұлтанов Саяси кеңестің 2019-2020 жылдар аралығында атқарған жұмыстары мен алдағы кезеңге арналған міндеттері туралы есеп берді.
– Ағымдағы кезеңде, яғни 2019-2020 жылдары, Науырзым ауданының партия активінің барлық жұмысы партияның «ҚАЗАҚСТАН-2021: БІРЛІК. ТҰРАҚТЫЛЫҚ. ЖАСАМПАЗДЫҚ» атты сайлауалды Платформасын, Мемлекет басшысының жылдағы Қазақстан халқына Жолдауынан туындайтын міндеттерді, сонымен қатар Партия Доктринасын, Сыбайлас жемқорлыққа қарсы және де мемлекеттік бағдарламалардың орындауын қамтамасыз ету үшін бағытталды. Ауданның даму қарқыны, оның негізгі үрдістері – партияның аудандық филиалының жергілікті өкілді және атқарушы органдармен өзара іс-қимылы тиімділігінің көрсеткіші. Бүгінгі күні ауданымыздың әлеуметтік-экономикалық дамудың негізгі көрсеткіштері бойынша оң динамика байқалуда – деді Болат Сұлтанов.
Коронавирустық пандемияға байланысты төтенше жағдай кезеңінде партияның аудандық филиалы “Nur Otan” партиясының “Біз біргеміз” бірыңғай республикалық акциясына коронавирустық пандемияның алдын алу және оған қарсы күрес үшін мұқтаж адамдарды антисептикалық құралдармен, медициналық маскалармен және басқа да бірінші қажеттіліктегі өнімдермен қамтамасыз ету бойынша белсенді жұмыс атқарған.
Біздің ең басты қағида – еліміз өсіп–өркендеуі, халықтың бірлігін және саяси тұрақтылықты сақтау. Осыған байланысты, Елбасы, партия Төрағасы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың «Nur Otan» партиясын жүйелі жаңғырту жөніндегі тапсырмаларын орындау үшін соңғы жылдары нақты шаралар атқарылуда. Алда үлкен істер мен жобалар күтіп тұр. Алға қойған міндеттерді орындау үшін аудандық филиал қызметкерлері, бастауыш партия ұйымдарының төрағалары мен партиялық топтардың хатшылары аянбай жұмыс істеуі қажет. Осы бағытта бәріміз бірігіп жұмысты әрі қарай жандандырайық – деп қорытындады өз баяндамасын Болат Сұлтанов.
Бүгінгі конференцияға қатысушы делегаттар саяси кеңестің 2019-2020 жылдардағы қызметіне оң бағасын берді. Қазақстан Республикасы
Тәуелсіздігінің 30 жылдығы ескеріле отырып, алдағы кезеңге арналған міндеттер айқындалды.
Екінші мәселе бойынша конференция делегаттары Саяси кеңестің және партияның Науырзым аудандық филиалы Саяси кеңесі бюросының жаңа құрамын бекітті. Биылғы жылы Саяси Кеңестің құрамына әйелдердің 30%-ы және жастардың 20% -ы енгізілген.
Күн тәртібінің үшінші мәселесі бойынша XXIX облыстық партиялық есеп беру – сайлау конференциясына делегаттар сайланды.
Конференцияға қатысушы делегаттар ұсынылған тізімдерді бір ауыздан қолдап, партия жұмысына сәттілік тіледі.
Жібек МЫРЗАҒАЛИ
2024 жылдың 14 қарашасында ауданымызда Жамбыл орта мектебінде 30 жыл басшы болып қызмет еткен және…
Биыл 15 қарашада Қазақстанның мемлекеттік егемендігінің маңызды атрибуттарының бірі – «Ұлттық валюта» теңгеге 31 жыл…
Абу -Даби қаласында қараша айының 10-11 күндері джиу-джитсийдан Әлем чемпионаты өткен болатын. Әлемның түкпір түкпірен…
АҚШ- тың Лас-Вегас қаласында дзюдодан күрес шеберлері арасындағы әлем чемпионатында 90 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде…
IQanat олимпиадасының алғашқы кезеңі басталды. (далее…)
Жыл сайын Қазақстанда қазан айының үшінші жексенбісі орман шаруашылығы күні атап өтіледі. (далее…)
This website uses cookies.