«Әнім – Бақытым»
«Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында 22 қараша күні Шилі ауылында Науырзым ауданының күміс көмей әншісі, Бірінші Халықаралық Шәмші Қалдаяқовтың музыкалық ән фестивалінің дипломаты, облыстық, аудандық байқауларының жүлдегері, Шилі ауылының тумасы Бақыт Хасенованың «Әнім – Бақытым» атты жеке шығармашылық кеші өтті. Осы шығармашылық кешке арнайы аудан әкімі Талғат Карбозов қатысып кеш иесіне жылы лебізін білдіріп, шығармашылық табыс тілеп алғыс хат табыс етті.
Осы кешке аудандық маслихат хатшысы Гүлсім Әбенова, аудан әкімінің орынбасары Еркен Айсағалиев, мәдениет және тілдер дамыту бөлімінің басшысы м.а Гүлнәр Ақсаутова және ауыл тұрғындары қатысты.
Бүгінгі іс шараны ұйымдастырушы Шилі ауылдық кітапханасының кітапханашысы Гүлжазира Бірмағамбетова мен ауылдық клубтың меңгерушісі Гүлшат Кадешова ұйымдастырып, Бақыт Хасенова жайында ақпараттар беріп жүргізді. Келген қонақтар өздерінің ізгі лебіздерін білдіріп, сый – сияпат көрсетіп, хамзол жапты.
Много сидишь в социальных сетях? Тогда читай полезные новости в группах "Qostanai.Media" ВКонтакте, в Одноклассниках, Фейсбуке и Инстаграме. Сообщить нам новость можно по номеру 8-701-031-72-31