Науырзымдық жас өнерпаздар жылдық есеп беру концертіне қатысты

Ауданымыздағы қосымша білім беретін «Балалар шығармашылық үйі» шәкірттерінің  «Өнерім саған, туған жер» атты есеп беру концерті өтті.

Ұстаздардың шеберлігін шыңдап, талантты шәкірттердің өнерге қанатын қақтырған балалар шығармашылық үйі жыл сайын есепті концертін ұсынып, ата-аналар мен ауыл тұрғындарының батасын алуды дәстүрге айналдырды. Биылғы есеп беру концерті ауданымыздың құрылғанына 60 жыл толуымен тұспа-тұс болып, мерейтойға тарту етті.
Балалар шығармашылық үйі жас дарындардың тереңде жатқан талантын көкке көтеріп, бойындағы бар өнерді дамытуға ең басты себепші болып отырған үлкен ұжым. Осы ортадан шыққан сансыз шәкірттер облыстық, республикалық, халықаралық сахналарды бағындырып, халықты түрлі өнерлерімен баурап жүр. Атадан балаға мұра болып келет жатқан өнеріміздіт болашаққа жеткізу бүгінгі талантты ұрпақтың басты борышы. Шығармашылық үйінің ұстаздары асыл өнерді сақтауға, оны барынша жас ұрпақ арқылы дамытуға атсалысып, жас таланттардың жолын ашуға барын салып келеді.
Жас өнерпаздардың өнерін тамашалауға аудан басшысы Мәди Ихтиляпов арнайы қатысып, аудан тұрғындарын айтулы мерейтоймен құттықтады. Өз сөзінде ауданның тарихы мен дамуына тоқталып, жас буынның өнерге деген құлшынысын жоғары бағалады. Мәди Ихтиляпов Балалар шығармашылығы үйінің республикалық, облыстық байқауларында өнер көрсетіп, жүлделі орындарға ие болған бірқатар оқушылар мен ұстаздарды марапаттап, сыйлықтар табыстады. Сонымен қатар, балалар шығармашылығы үйінің белсенді ата-аналарына да алғыс хатпен гүл шоғын тарту етті.
– Мерекелік концертпен қатар, Балалар шығармашылығы үйінің қолөнер, сурет және жас эколог  үйірмелерінің қатысуымен арнайы көрме ұйымдастырылды. Көрмеде оқушылардың қолынан шыққан түрлі бұйымдар, ұлттық нақыштағы кестелер, бейнелеу өнерінің әртүрлі жанрларында салынған суреттер қойылып, көпшіліктің назарын өзіне аударды. Балалардың қиялы мен шеберлігі тоғысқан бұл туындылар туған жерге деген сүйіспеншілікті, табиғатқа, салт-дәстүрге деген құрметті айқын көрсетті. Әр жұмыс өзіндік ерекшелігімен, идеялық мазмұнымен және көркемдігімен ерекшеленді. Сонымен қатар, заман талабына сай дамып келе жатқан робототехника үйірмесі де өз жетістіктерін көпшілікке таныстырды. Үйірме мүшелері өз қолдарымен құрастырған роботтарын ұсынып, олардың жұмыс істеу принциптерін таныстырып берді. Бұл көрме балалардың техникалық шығармашылыққа деген қызығушылығын арттырып, көрермендерден үлкен қолдау тапты, – дейді директордың оқу жұмысы жөніндегі орынбасары Диана Балтабай.
Жібек МЫРЗАҒАЛИ
Фотоны түсірген автор
Редактор

Recent Posts

Ветеран педагогики Маулен Каратаев из Наурзума: «Труд учителя не всегда заметен сразу»

Одним из награждённых, поднявшихся в этот день на сцену, стал учитель физики из села Шили…

1 неделя ago

Галина Бабич из села Шолаксай Наурзумского района создает необычные фигуры из бросовых материалов

«Труд облагораживает человека» — фраза из одного популярного советского фильма как нельзя точно характеризует жизненную…

1 неделя ago

После урагана в детском саду «Нурбобек» села Буревестник Наурзумского района остались нерешённые вопросы

Ураганный ветер, обрушившийся 19 августа на Наурзумский район, не прошёл бесследно. (далее…)

1 неделя ago

Науырзымда халық көтерген мәселелер назарға алынды

Қостанай облысының әкімі Құмар Ақсақалов Науырзым ауданына жұмыс сапарымен барып, аудан тұрғындарымен ашық форматта кездесті.…

2 недели ago

This website uses cookies.