– Мерекелік концертпен қатар, Балалар шығармашылығы үйінің қолөнер, сурет және жас эколог үйірмелерінің қатысуымен арнайы көрме ұйымдастырылды. Көрмеде оқушылардың қолынан шыққан түрлі бұйымдар, ұлттық нақыштағы кестелер, бейнелеу өнерінің әртүрлі жанрларында салынған суреттер қойылып, көпшіліктің назарын өзіне аударды. Балалардың қиялы мен шеберлігі тоғысқан бұл туындылар туған жерге деген сүйіспеншілікті, табиғатқа, салт-дәстүрге деген құрметті айқын көрсетті. Әр жұмыс өзіндік ерекшелігімен, идеялық мазмұнымен және көркемдігімен ерекшеленді. Сонымен қатар, заман талабына сай дамып келе жатқан робототехника үйірмесі де өз жетістіктерін көпшілікке таныстырды. Үйірме мүшелері өз қолдарымен құрастырған роботтарын ұсынып, олардың жұмыс істеу принциптерін таныстырып берді. Бұл көрме балалардың техникалық шығармашылыққа деген қызығушылығын арттырып, көрермендерден үлкен қолдау тапты, – дейді директордың оқу жұмысы жөніндегі орынбасары Диана Балтабай.
Ауданымызда қазақтың ұлы ағартушысы, педагог Ыбырай Алтынсаринның 185 жылдығына арналған «Ыбырай ізімен: тәрбие, білім, рух»…
Наурзумская земля издавна считается местом, где бережно сохраняются и передаются из поколения в поколение культура…
С приходом долгожданного весеннего тепла в Наурзумском районе началось активное таяние снежного покрова. (далее…)
Ауданымызда Ұлыстың ұлы күні – әз Наурыз мейрамы жоғары деңгейде аталып өтті. (далее…)
Наурыз мейрамы аясында ауданымызда ұлттық спорттың көркі саналатын ат жарысы жоғары деңгейде ұйымдастырылып, көрермендерге ерекше…
Дәмді ауылында Ұлыстың ұлы күні – әз Наурыз мейрамы кең көлемде ұйымдастырылып, жоғары деңгейде аталып…
This website uses cookies.