Бүгін ауданы жастарының “Алтын кітабы” жобасы өз жалғасын тауып жатыр.
Аты айтып тұрғандай, “Алтын кітапқа” ауданымыздың дамуына үлес қосқан, ауданның және облыстың даңқын асырып жүрген, республикалық жарыстарда, байқауларда жеңімпаз атанған талантты, дарынды жастар есімі кірді. Жастарға арналған жиынға аудан әкімі Мәди Ихтиляпов қатысты.
Салтанатты шарада мәдениет, спорт және білім салаларында үздік деп танылған аудан жастары марапатқа ие болды.
Аудан жастары кітабына 15 үміткер өтінім берген еді. Комиссияның шешімімен 5 үміткер енгізілді. Биылғы жылы Раздольный жалпы білім беретін мектебінің бастауыш мұғалімі Балнұр Альменова білім және ғылым саласында орасан жетістіктерімен, Сымбат Біркемелова – Шолақсай ЖББ мектебінің оқушысы мен Жамбыл жалпы білім беретін мектебінің оқушысы Жансая Қайыржанова білім мен интеллектуалдық жетістіктері бойынша, мәдениет және өнер саласы номинациясына Балалар шығармашылық үйінің би көркемдік жетекшісі Айдана Сұлтанбекова енсе, спорт саласының үздігі болып Гүлбақыт Шалжанова Алтын кітапқа енді.
Жалпы биылғы жылы Науырзым өңірінің жастары үшін мол табысты, жемісті болды. Дей тұрғанымен айтулы кітапқа үздіктің үздіктері ғана таңдап алынған. Аудан әкімі барлық лауреаттарды құттықтап, «алтын кітап» алдағы уақытта да қалыңдай түседі деп сенім білдірді.
Жібек МЫРЗАҒАЛИ
Фотоны түсірген автор
У каждого человека есть свой способ оставаться в движении. (далее…)
Одним из награждённых, поднявшихся в этот день на сцену, стал учитель физики из села Шили…
Чествование состоялось во Дворце молодежи «Жастар». На него пригласили более 300 человек со всей области.…
«Труд облагораживает человека» — фраза из одного популярного советского фильма как нельзя точно характеризует жизненную…
Ураганный ветер, обрушившийся 19 августа на Наурзумский район, не прошёл бесследно. (далее…)
Қостанай облысының әкімі Құмар Ақсақалов Науырзым ауданына жұмыс сапарымен барып, аудан тұрғындарымен ашық форматта кездесті.…
This website uses cookies.