Саяси науқанның қорытынды сәті: №870 референдум учаскесінде санақ жүргізілді.
2026 жылғы 15 наурызда өткен республикалық референдумға Науырзым ауданының тұрғындары жоғары белсенділікпен қатысты. Таңертеңнен бастап аудан бойынша барлық референдум учаскелерінде халықтың қарасы көп болды. Тұрғындар өз азаматтық борыштарын орындап, ел болашағына бейжай қарамайтынын көрсетті.
Аудандық «Науырзым тынысы» газеті №870 референдум учаскесінде болып, дауыс беру процесінің соңғы сәттері мен учаскенің жабылу барысын бақылап қайтты. Кешкі сағат 20:00-де учаске ресми түрде жабылып, учаскелік комиссия мүшелері бюллетеньдерді санау жұмысына кірісті.
Санақ жұмыстары заң талаптарына сәйкес ашық жүргізілді. Комиссия мүшелері әрбір бюллетеньді мұқият қарап, дауыс беру нәтижелерін тіркеді. Учаскеде күні бойы тәртіп сақталып, дауыс беру процесі қалыпты жағдайда өтті.
Жалпы, Науырзым ауданында өткен республикалық референдумда тұрғындардың белсенділігі жоғары деңгейде болды. Бұл – аудан халқының ел өміріндегі маңызды саяси науқандарға жауапкершілікпен қарайтынын аңғартады.
Жібек МЫРЗАҒАЛИ
Фотоны түсірген автор
Кейуанаға иығына ақ жаулық жауып, құрмет көрсетілді. (далее…)
Аудан тұрғындары өз таңдауларын жасауда. (далее…)
Казахские национальные игры имеют огромное значение в воспитании подрастающего поколения. (далее…)
Науырзым ауданында қазақ аруларына арналған аудандық байқау өтті. (далее…)
Ауданымызда 8 наурыз – Халықаралық әйелдер күніне арналған мерекелік кеш өтті. (далее…)
This website uses cookies.