Науырзымдықтар референдумға белсенділікпен ат салысуда

Бүгін Еліміз үшін тарихи сәт. Ел өміріндегі әрбір маңызды қадам жұртшылықпен бірлесіп жасалтының білеміз.

Науырзым ауданында Атом электростансасы салу туралы референдум сайлауы өтуде. Науырзым ауданы бойынша 15 сайлау учаскесі, 10 сайлау округі және 1 аудандық сайлау комиссиясы өз жұмыстарын бастады.

Науырзым ауданында 4534 адам сайлау құқығына ие. Сайлау учаскілері жергілікті уақытпен таңғы 07:00-де жұмыстарын бастап, дауыс беру кешкі сағат 20:00-ге дейін жалғасады.
“Науырзым тынысы” газеті Қожа ауылындағы нөмірі 666 сайлау учаскіне қатысты. Ауыл тұрғындары жоғары белсенділікпен ат салысып, азаматтық борыштарын орындауға ертемен келуде. Солардың бірі сайлау учаскесіне алғаш болып келіп дауыс берген ауыл тұрғыны Медет Есеев.

– Бұл маңызды және оң қадам. Менің ойымша, елдің энергетикалық инфрақұрылымы қалай дамитынын халық өзі шешуі керек. Мұндай тәсіл демократиялық қағидаттарды нығайтып, әр азаматқа маңызды мәселелер бойынша өз пікірін білдіруге мүмкіндік береді. Елімізде атом электр станциясын салуды мен қолдаймын. Бүгін елімнің болшағы үшін азаматтық борышымды деп алғашқылардың бірі болып өз дауысымды беруге келдім. Дауыс беру менің осы елдің азаматы ретіндегі борышым, дейді ауыл тұрғыны Медет Есеев.
Қожа ауылындағы сайлау учаскісінде барлығы 218 сайлаушы тіркелген.

Жибек НУРСЕИТОВА, фото автора

Редактор

Recent Posts

Камыстинцы оценили продукцию, представленную на сельскохозяйственной ярмарке

С самого утра на центральной площади села Камысты было оживлённо: покупатели неспешно выбирали продукты, общались с продавцами…

6 дней ago

В Докучаевской и Буревестненской школах Наурзумского района прошел вечер встречи выпускников

На ней присутствовали выпускники разных лет, даже те, кто окончил школу 50 лет назад. (далее…)

6 дней ago

В селе Шолаксай Наурзумского района прошел конкурс выразительного чтения стихов

Мероприятие с названием "По страницам детства" прошло в Шолаксайской сельской библиотеке. (далее…)

1 неделя ago

Науырзымдықтар «Қарлы десант» акциясы мен Еріктілер жылының ресми ашылуына қатысты

20 ақпан күні Науырзым ауданының Жастар ресурстық орталығы еріктілердің қатысуымен «Қарлы десант» акциясын өткізді. (далее…)

1 неделя ago

Қарамеңді ауылында өмір өз арнасымен тыныш әрі берекелі жалғасуда

Қыстың қарлы күндерінде де ауыл тіршілігі тоқтамайды. (далее…)

1 неделя ago

This website uses cookies.