Қайырымдылық жасасаң, қайырын өзің көресің, дейді қазақ xалқы.
Қазіргі таңда елімізде түрлі іс-шаралар мен акциялар, қайырымдылық қорлары арқылы қол ұшын созатын ізгі жандар көбейіп келеді. Қайырымдылық жасауға мемлекет тарапынан да көп көңіл бөлініп отыр.
Жақсылық жасайтын жандар әрқашан және әркезде табылады. Осы орайда жергілікті тұрғындарға қайырымдылық шарасын ұйымдастырған «Кенесары 2012» ЖШС иелері. 2019 жылдан бастап, Науырзым жерінде жылқы шаруашылығын іске асырған жас кәсіпкерлер, қайырымдылық ісін былтырғы жылы 22 отбасынан бастаған.
Биылғы жылы игі істерін жалғастырған Тоғызбаевтар, Ұлыстың ұлы күні – Наурыз мейрамына қарсы 39 отбасыға азық-түлік қоржындарын табыс етті. Әр отбасыға 15 мынның көлемінде азық-түлік алынған. Әр жағдайдағы жанұяны қамтыған қайырымдылық шарасына алғыстарын айтып, қуаныштан көз жастарын бір сығып алған қарт әжелеріміз ақ баталарын берді.
Әр істің артында ата-ана қолдауының және елдің батасының сауабы мол. Осындай жомарт істерін қолға алған Қызылорда тумалары, ағайынды Қылышбекпен, Төлегеннің айтуынша, әр жомарттық істерінің артында ата-анасының тәрбиесі, елге пайдаларын тисін деген кеңестерінің арқасында дейді.
Несмотря на определенные трудности в сельской школе в виде отсутствия современных технологий и возможностей, Юлие Николаевне хочется, чтобы…
Конкурс был приурочен к празднованию Национального дня книги и прошёл под темой «Моя любимая книга».…
С самого утра на центральной площади села Камысты было оживлённо: покупатели неспешно выбирали продукты, общались с продавцами…
На ней присутствовали выпускники разных лет, даже те, кто окончил школу 50 лет назад. (далее…)
Конкурс направлен на развитие творческих способностей учащихся. (далее…)
Мероприятие с названием "По страницам детства" прошло в Шолаксайской сельской библиотеке. (далее…)
This website uses cookies.