10 тамыз – қазақтың ұлы ақыны, ағартушысы, қазақ жазба әдебиетінің негізін қалаушы Абай Құнанбайұлының туған күні.

Бұл күн 2020 жылдан бастап Қазақстанда мереке ретінде аталып өтілуде. Абайдың шығармаларын оқып қана қоймай, оны әр баланың жүрегіне жеткізе білсек біздің ұтқанымыз. Осы күнге орай Науырзым ауданында да түрлі іс-шаралар легі кезең-кезеңімен өтіп, әлеуметтік желілерде де таратылып жатты.

Осындай іс-шараның бірі Науырзым ауданының мәдениет үйлері мен кітапханаларында өтті. Абай Құнанбайұлының 179 жылдығына орай арналған «Абай – дана, Абай –дара қазақта» атты дөңгелек үстел өтті. Дөңгелек үстел барысында Абайдың өмірі, шығармашылығы және отбасы жайлы әңгіме қозғалды. Абайдың ғибратты қара сөздері арқылы балаларға адамгершілік қасиеттер түсіндірілді. Балалар өз пікірлерін ортаға салды. Олар Абайдың шығармаларындағы ерекше тұстарын айқындай білді. Сонымен қатар «Қарға мен түлкі» атты қойылымы да тамашаланды. Дөңгелек үстел соңында Абай атамыздың «Желсіз түнде жарық-ай», «Көзімнің қарасы», «Айттым сәлем Қаламқас» атты тамаша әндері де шырқалды. Абай атамыз өзінің туған халқымен мәңгі бақи бірге жасайды.

Абай күніне арналған мәдени отырыс Шилі селолық клубында да өтіп жатты. Клуб  қызметкерінің ұйымдастыруымен «Абайды оқы, жалықпа» атты тақырыпта ақынның шығармаларын Ділназ Бимендина мен Аружан Төлеутай нақышына келтіріп, оқып берді. Жастар Абайдың әндерін де орындай алады. Оқушылар оның әр жыр жолын түсініп оқыса, өмірлік жүректерінен орын алары сөзсіз.

Мұндай бастама Дәмді ауылнда да өтті. Дәмді ауылдық кітапханасында «Ұлылардың ұлысы – Абай» атты портрет кеші ұйымдастырылды. Қатысушылар викториналық бөлімде додекаэдр добына жасырылған сұрақтардың жауабын бірлесе шешті. Кездесу барысында ақынның шығармаларына толығырақ тоқталынып, «Желсіз түнде жарық ай» әні орындалды.

Кітап көрмесінде хакім Абай атамыздың артынан қалған өшпес ізі, терең ойлары мен асыл сөздері келешек заманда да гаухардай жарқырайтын, ұрпақтан ұрпаққа жалғаса беретін баға жетпес қазыналары оқырман назарына ұсынылды. «Артынан өлмейтұғын сөз қалдырған» өзге де шығармалары дауыстап оқылды. Абайды оқу арқылы, білімге, әдебиетке деген құштарлықты арттыра түседі.

–Бұл күннің маңызын жастар түсінсе дейміз. Ұлттың біртуар перзенті, біздің мақтанышымыз – Абай. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев атап көрсеткендей, «Хакім Абайды біртұтас ұлт болып ұлықтау – біздің перзенттік парызымыз. Ұлы Абай — біздің еліміздің мақтанышы ғана емес, әлемдік деңгейдегі кемеңгер. Ол – қазақтың жан-дүниесінің тұңғиығына бойлаған дара тұлға». Абайдың жолы тек қазаққа ғана емес, бар әлемге мұра. Ұлы ақынымызды артымыздан ерген жастарға, келер ұрпаққа насихаттау баршамызға парыз.  Ауданда мұндай игі іс-шаралар бұл күнде ғана емес, жыл бойына да өтіп тұрады, — дейді кітапханашылар.

Ай ӘБДІЛДА

Редактор

Recent Posts

Науырзымдық ветеринария қызметкері Марат Қабденовтың жеңісі – аудан абыройы

10 шілде – Ветеринариялық қызметкерлер күні қарсаңында Науырзым ауданы үшін қуанышты жаңалық жетті. (далее…)

1 неделя ago

Қуанышқа толы қоныс: Науырзымда жаңа тұрғын үй пайдалануға берілді

Астана күні қарсаңында Науырзым ауданында қуанышты оқиға орын алды – жаңа көппәтерлі тұрғын үйдің пәтер…

2 недели ago

В Наурзумском заповеднике не допустили массового захода сайгаков на поля

Инспекторы круглосуточно отслеживают миграцию животных и помогают защитить сельхозугодья от потравы. (далее…)

2 недели ago

Главного специалиста аппарата акима села Буревестник Наурзумского района Юлию Малову отметили в День государственных служащих

В преддверии Дня государственных служащих в Костанае прошла церемония награждения лучших сотрудников за  вклад в…

3 недели ago

В Наурзумском районе с помощью госпрограммы «С дипломом в село» намерены решить кадровый вопрос

По словам руководителя ГУ «Отдел экономики и финансов Наурзумского района» Алимхана Абдикенова, государственная программа «С…

3 недели ago

Науырзым ауданы: Ұлттық рухты ұлықтаған дода

24–26 маусым күндері аудан әкімінің жүлдесіне арналған 2006–2010 жылы туған жасөспірімдер арасындағы көкпар және аударыспақтан…

3 недели ago

This website uses cookies.