Науырзымдық Талғат Нұрсейітов ауыл шаруашылық министірлігінің Құрмет грамотасын алды

Халқымызда «Жұмыстың көзін тапқан байлықтың өзін табады» деген сөз бар.

Кәсібіне адал әрі жауапкершілікпен қараған адам қашанда лайықты бағасын алады. Бұл түсінікті қоғам санасына сіңіру қажет. Азаматтарға құрметті атақ берудегі түпкі мақсатымыз да – осы. Бұған дейін мұғалімдерге, дәрігерлерге және мәдениет қайраткерлеріне осындай атақтар беріле бастады. Бұл – өте жақсы бастама, оның аясын кеңейту керек”, – деді президент.

Нағыз еңбектің адамдары біздің ауданымыздада қызмет жасап жүр. Сондай жанның бірі Қарамеңді ауылында тұратын Нұрсейітов Талғатты осындай даналықтың шынайы үлгісі бар жан деп айтуға болады. Бүгін жұмыс бабымен Талғат Нұрсейітов қызмет жасайтын “Самрық” шарауа қожалығына барып жақынырақ таныстық.

Бүгінде Талғат Сейілғазымұлы әке жолын жалғап отыр. Қарамеңді ауылындағы “Самрық” шаруа қожалығында малшы ретінде жұмыс жасайды. Таңмен таласа тұрып, малды өріске айдап, кешке дейін шаруасынан қол үзбейтін Талғат Сейілғазымұлы әкесінің «Мал баққан адам – елдің ырысын сақтайды» деген сөзін өмірлік ұстаным етіп, адал қызмет жасап келеді. Сондай-ақ, Республика күні аясында Талғат ағамызды аудан басшысы Мәди Ихтиляпов Ауыл шаруашылығы министірлігінің Құрмет грамотасымен марапаттады.

Кейіпкеріміз Сейілғазым әкесінің еңбек жолын жалғап, мал шаруашылығымен айналысып жүрген еңбекқор жан. Әкесі кезінде елге белгілі, мал шаруашылығын өркендетіп, еңбегімен елге үлгі болған “Социалистік Еңбек Ері” атанған екен.

-Әкем өмір бойы малдың қасында жүріп, еңбектің шынайы қадірін білген жан. Қыстың қақаған аязында да, жаздың аптап ыстығында да төрт түлігін баптап, елдің игілігі үшін тер төкті. Бірақ өмірден ерте кетті. Міне, әкемнің осындай адал еңбек пен табандылығы маған әрқашан да өнеге. Марқұм әкем малдарды санына қарай есептемеген, түр әлпетіне қарап түгендеген жан. Қазіргі таңда менде осы қожалықтағы малды түр әлпетіне қарап түгендеп аламын. Алғаш жұмысқа орналасқанда басшылықтар таңғалатын еді, қазір үйренді. Осы қожалықта 16 жылдай адал қызмет етіп келем. Бұған дейін Қожа совхозындада мал бағумен айналыстым, өзіме жаныма жақын. Қиындық кез келген жұмыста болады. Барлығы төзімділік пен шыдамдылықты талап етеді. Бірақ ауырдың үстімен, жеңілдің астымен жүруге де болмайды. Адам тұрақты болуы керек. Өзіме ыңғайлы, жалақым да көңілге қонымды. Басшылық тараптан еңбегіміз еленеді. Еңбек адамына бұдан артық не керек, – дейді кейіпкеріміз Талғат аға.

-Иә, Талғат – нағыз еңбек адамы. Елдің берекесі – еңбекте демекші, сол еңбектің ең ауыр да, ең қадірлі түрлерінің бірі – мал бағу. Талғат – жазда, қыста қорада жүріп, ырысын еселеп отырған еңбек адамы, – дейді шаруа қожалық басшысы Сержан Алдажұманов.

Талғат ағамыз шаруа қожалықтың отар малының мінезін танып, еңбекпен тіршіліктің мәнін ұғынған адам. Иә, әке көргеннің қолынан іс келеді. Әкесінің маңдай тері мен еңбегінің жемісін көріп өскен ұл – елінің еңбекқор азаматы болары сөзсіз. Сонымен қатар, осы шаруа қожалықта Талғат ағайдың баласы механизатор болып қызмет жасайды. Бір сөзбен айтқанда еңбек әулеті депте айтуға болады. Осындай әкенің ісін жалғаған еңбек адамы бауырларының, отбасның мақтанышы

Жібек МЫРЗАҒАЛИ
Фотоны түсірген Ерали СЕРІКБАЙ

Редактор

Recent Posts

В Наурзумском районе отремонтируют 25 км проблемной трассы до села Киевка

На проект выделяется более 2,6 миллиарда тенге, а сам ремонт включает укрепление основания дорожного полотна…

1 день ago

В Наурзумском районе прошла ежегодная августовская конференция работников сферы образования

В этом году совещание было посвящено теме «Нормы и ценности новой Народной Конституции: развитие человеческого…

4 дня ago

Аграрии района сделали свой выбор

Для аграриев нашего района сейчас особенно напряжённый период — в самом разгаре посевная кампания. (далее…)

5 дней ago

Науырзым ауданы: Ел болашағына бейжай қарамаған жандар

Шолақсай ауылындағы №650 сайлау учаскесінде үйден дауыс беру мүмкіндігін пайдаланған екі азамат өз таңдауын жасады.…

5 дней ago

Науырзымда Құрылтай депутаттарын сайлау басталды

Бүгін, 23 тамызда таңғы сағат 07:00-де Қазақстанда жаңа бірпалаталы Құрылтай депутаттарын сайлау ресми түрде басталды.…

5 дней ago

Науырзымдық жас инспекторлар – ел мерейін асырды

Науырзым ауданының жас жол инспекторлары тағы бір биікті бағындырып, ауданымыздың ғана емес, Қостанай облысының абыройын…

1 неделя ago

This website uses cookies.