
Науырзымдық палуандар жүлдемен оралды
20 наурыз ұлттық спорт күні Қостанай қаласында Наурыз мейрамы қарсаңында ұлттық спортымыз қазақ күресінен облыстық жарыс өткен болатын
Осы жарысқа Науырзым ауданының намысын қорғаған палуандар жүлдемен оралды. 66 кг салмақты Биғали Диас, 74 кг салмақта Китебаев Нұрбол қола жүлдегер атанса, 90 кг салмақта жерлесіміз Қабдолла Аян қола жүлдегер атанды.
– Ауданымыздың намысын осындай додаларда қорғау біз үшін үлкен жеңіс. Ұлттық спортымыз қазақ күресіне келген палуандар осал емес, бәріде өз салмақтарының хас шеберлері десем болады. Жақсы дайындықпен бардым, бұйырғаны 2 орын, бұның өзі біздің аудан үшін үлкен жеңіс. Болашақта әлі талай жарыстар болады. Қазір соған дайындық жүріп жатыр. Талай жүлделі орындар қатарынан көрінеміз деген сенімде бар, деді қола жүлдер атанған Аян Қабдолла.
Жерлестерімізге сәттілік тілейміз!
Жібек МЫРЗАҒАЛИ
Фотоны ұсынған спорт бөлімі
Много сидишь в социальных сетях? Тогда читай полезные новости в группах "Qostanai.Media" ВКонтакте, в Одноклассниках, Фейсбуке и Инстаграме. Сообщить нам новость можно по номеру 8-701-031-72-31