
Науырзымдық Ерлан Омаров Париж төрінде қола жүлдеге ие болды
Франция елінің астанасы Парижде қараша айының 2-5 күндері дзюдодан шеберлер арасында әлем чемпионаты өтуде.
Осы жарыста 90 келі салмақ дәрежесінде науырзымдық Ерлан Омаров өз салмағы бойынша жүлделі 3 орынға иеленді.

– Бұл елге алғаш келуім, әрине жарыс болғасын қобалжу болады. Қарсыластарымда осал емес, барлығыда мықты дайындықпен келген. Менің салмағымда 69 палуан болды, соның ішінде 7 палуанды айқын басымдықпен жеңдім, Токио елінің мықты палуанымен күресіп, қола жүлдеге ие болдым. Мен үшін бұның өзі бір бақыт. Мені осы жарыста қолдаған ата-анама, бауырларыма, достарыма, барлық жерлестеріме алғыс айтамын, – дейді Ерлан Омаров.

Жібек МЫРЗАҒАЛИ
Фото Ерлан Омаровтан алынды
Много сидишь в социальных сетях? Тогда читай полезные новости в группах "Qostanai.Media" ВКонтакте, в Одноклассниках, Фейсбуке и Инстаграме. Сообщить нам новость можно по номеру 8-701-031-72-31
0 просмотров