Ауданымызда мәдениет үйінің ұйымдастыруымен Халықаралық балаларды қорғау күніне арналған «Әрқашан күн сөнбесін, қасымда болсын анам» атты мерекелік іс-шара жоғары деңгейде өтті. Балаларға қуаныш сыйлап, олардың балалық шағын шаттыққа бөлеуді мақсат еткен мерекелік кеш ерекше көңіл күйге толы болды.
Іс-шара барысында бүлдіршіндер ән айтып, би билеп, түрлі ойындар мен сайыстарға белсене қатысты. Сонымен қатар, өнерлі балалар өз өнерлерін ортаға салып, көрермендердің ыстық ықыласына бөленді. Мерекелік бағдарламаның басты ерекшелігі – ана мен бала арасындағы мейірім мен сүйіспеншілікті дәріптеу болды.
Аталған шарада аудан басшысы бүлдіршіндерді мерекемен құттықтап, оларға жарқын болашақ пен бақытты балалық шақ тіледі. Сондай-ақ, білім бөлімі мен ауданымыздың бетке ұстар кәсіпкер азаматтары балаларға тәтті балмұздақ үлестіріп, мерекелік көңіл күй сыйлады. Бұл игі іс балалардың жүздеріне қуаныш ұялатып, мерекенің ажарын аша түсті.
Сонымен қатар, ұлттық спортымыз – асық ату ойынын балалар ерекше қызығушылықпен ойнап, ұлттық құндылықтарға деген құрметтерін көрсетті. Аудандық жастар ресурстық орталығы да бұл мерекеде қалыс қалмай, бүлдіршіндерге арнап түрлі қызықты ойындар ұйымдастырды. Аниматор кейіпкерлерімен бірге суретке түскен балалар көтеріңкі көңіл күйге бөленіп, мерекеден ерекше әсер алды.
«Бүгінгі ұйымдастырылған мерекелік шара балаларға ерекше қуаныш сыйлады. Бүлдіршіндердің шат күлкісін көріп, өзіміз де бір серпіліп қалдық. Ұлттық ойындар ойнатылып, түрлі қызықты бағдарламалардың ұйымдастырылуы өте әсерлі болды. Осындай балаларға арналған мерекелер жиі өткізіліп тұрса екен дейміз. Ұйымдастырушыларға ата-аналар атынан алғысымыз шексіз», – дейді аудан тұрғыны, көпбалалы ана Жеңіскүл.
Осындай тағылымды әрі тәрбиелік мәні зор шаралар жас ұрпақтың бойына мейірім мен адамгершілік қасиеттерін сіңіріп, олардың жарқын болашағына жол ашады.
Жібек МЫРЗАҒАЛИ
Суретті түсірген автор
10 шілде – Ветеринариялық қызметкерлер күні қарсаңында Науырзым ауданы үшін қуанышты жаңалық жетті. (далее…)
Астана күні қарсаңында Науырзым ауданында қуанышты оқиға орын алды – жаңа көппәтерлі тұрғын үйдің пәтер…
Инспекторы круглосуточно отслеживают миграцию животных и помогают защитить сельхозугодья от потравы. (далее…)
В преддверии Дня государственных служащих в Костанае прошла церемония награждения лучших сотрудников за вклад в…
По словам руководителя ГУ «Отдел экономики и финансов Наурзумского района» Алимхана Абдикенова, государственная программа «С…
24–26 маусым күндері аудан әкімінің жүлдесіне арналған 2006–2010 жылы туған жасөспірімдер арасындағы көкпар және аударыспақтан…
This website uses cookies.