Науырзымдық ауданында ұлттық онкүндік өтеді
Науырзым ауданында республикалық, экологиялық «Таза Қазақстан» акциясына мектеп оқушылары мен студент жастар да атсалысуда. Жастардан құралған «Жасыл ел» жасағы ауданның тазарып, көркін ашуына белсене көмек беруде.
Бүгін «жасыл елдіктер» Науырзым қорығының ғимаратының алаңын, бұлақ соқпағына дейінгі жолдарды тазалап шықты. Өздерінің уақыттары қызықты өтсін деп бұлақ соқпағына волейбол ойын алаңы ұйымдастырылып, бояу жұмыстары жүргізілді.
– Ауданда жастардың экологиялық мәдениетті қалыптастыру мақсатында тазалық жұмыстарын қолға алдық. Жастар өте белсінді. Жастар жасағы биіл да өз жұмысын ойдағыдай атқарып жатыр. Алдағы аптада ұлттық онкүндік күнтізбесі өтеді. Сол кезде де біз көп істі тындырмақпыз, – дейді жастар ресурстық орталығының директоры Айнұр Хаудан.
Ай ӘБДІЛДА
Много сидишь в социальных сетях? Тогда читай полезные новости в группах "Qostanai.Media" ВКонтакте, в Одноклассниках, Фейсбуке и Инстаграме. Сообщить нам новость можно по номеру 8-701-031-72-31