
Науырзымдық 104 бүлдіршін мектеп табалдырығын алғаш аттады
Бүгін ауданымыздың барлық мектептерінде алғашқы қоңырау соғылып, салтанатты жиындар өтті.
Бұл күн білім ордалары білім алушыларға есіктерін айқара ашып, мектеп табылдырығын алғаш аттаған кішкентай бүлдіршіндерді ықыласпен қарсы алды. Жасбыл жалпы білім беретін мектебінде де сыңғырлаған күміс қоңыраудың үні естіліп, білім күніне арналған салтанатты мереке өтті.
Алғашқы қоңырау жиыны мемлекетіміздің әнұранымен ашылды. Мектеп директорының м.а Динара Өтегенова салтанатты жиында жаңа оқу жылымен құттықтап, оқушылар мен ұстаздарға сәттілік тіледі.
Ата аналар атынан 1 сынып оқушысының анасы Мейрамгүл Оспанова сөйледі.
-Барлық ұстаздарды, жарқын да қуанышты, айтулы мереке – Білім күнімен және жаңа оқу жылының басталуымен шын жүректен құттықтаймын. Білім ордасына қадам басқан әрбір бүлдіршіннің зейіні ашылып, біздің көз қуанышымыз, мақтанышымыз болып жүруіне тілектеспін, – дейді ол көңілдегі тебіренісін жасыра алмай.
Салтанатта сонымен бірге, мектеп өнерпаздары ән шырқап, алғашқы қоңырау үні сыңғырлап, барша оқушыларды алғашқы сабаққа шақырды.
Жібек МЫРЗАҒАЛИ
Фотоны түсірген автор
Много сидишь в социальных сетях? Тогда читай полезные новости в группах "Qostanai.Media" ВКонтакте, в Одноклассниках, Фейсбуке и Инстаграме. Сообщить нам новость можно по номеру 8-701-031-72-31