Науырзым төрінде – туған елдің тау тұлғасы

14 тамыз күні ауданымызда туған жердің төл перзенті, ақын Жаңбыршы Тұқатұлының шығармашылығына арналған «Туған елдің тау тұлғасы» атты шығармашылық кеш өтті.

Туған жерге деген сағыныш пен перзенттік махаббат тоғысқан тағылымды кешке ауданымыздың зиялы қауым өкілдері, мәдениет саласының мамандары, кітапхана қызметкерлері, жастар мен жерлестері қатысты.

Кеш барысында Жаңбыршы Тұқатұлының шығармашылық жолы, әдебиет пен өнерге деген ықыласы, туған ел мен жерге арналған туындылары кеңінен сөз болды. Ақынның өлеңдері оқылып, шығармашылығы жайлы жылы пікірлер айтылып, жүрекжарды тілектер білдірілді.

Шараның ерекше бөлімі – Жаңбыршы Тұқатұлының «Ойсауыт» атты өлеңдер жинағының тұсаукесері болды. Ақынның жаңа жинағына өмірден түйген ой-толғамдары, ел мен жерге деген сүйіспеншілігі, адамгершілік пен азаматтық ұстанымдары арқау болған сырлы жырлары топтастырылған. Кітаптың тұсаукесері туған жер төрінде өтіп, қаламгер шығармашылығына деген құрметті айшықтай түсті.

Өз кезегінде Жаңбыршы Тұқатұлы ауданымызға арнайы шақырып, шығармашылығына арналған мазмұнды кеш ұйымдастырған жерлестеріне шынайы ризашылығын білдірді.

– Өскен елім өмірге ынтызар ғып, өміріме бір ғажап сәуле берген. Аққан жұлдыз секілді кейде ағып, өнген елім кеудеме нұр боп енген. Туған жердің әрбір топырағы, әрбір естелігі жүрекке жақын. Мені арнайы шақырып, шығармашылығыма арналған осындай тағылымды кездесу өткізгендеріңіз үшін шын жүректен алғысымды білдіремін, – деді ақын.

Жаңбыршы Тұқатұлы аудан әкімдігіне, аудан әкімі Мәди Өмірзақұлы Ихтиляповқа, мәдениет бөлімінің басшысы Оразғалиға, сондай-ақ орталық кітапхана қызметкерлері Бейнегүл, Сәуле, Жанатқа арнайы алғысын жеткізді.

Кеш барысында ақын туған еліне деген ақ тілегін де арнады. Ел азаматтарына амандық, ауданның әлеуметтік-мәдени дамуына толағай табыс тілеп, Науырзымның гүлденіп, көркейе беруін тіледі.

«Науырзым елім гүлдеп, жайнап, мәңгілік ғұмыры ұзақ болсын!» деген ақжолтай тілегін білдірген қаламгердің бұл сапары ел мен перзент арасындағы рухани байланыстың жарқын көрінісіне айналды.

Туған жердің топырағынан түлеп ұшқан азаматтың елге деген сағынышы, шығармашылығына деген құрмет және жаңа кітабының тұсаукесері тоғысқан кеш көпшілік көңілінде жылы әсер қалдырды.

Жібек МЫРЗАҒАЛИ
Суретті түсірген Ерали СЕРІКБАЙ

Редактор

Recent Posts

«Мөлдір бұлақ – Науырзымның табиғи мұрасы»

Науырзым ауданы Жастар ресурстық орталығының «Мөлдір бұлақ – Науырзымның табиғи мұрасы» экологиялық жобасы 1 000…

5 часов ago

В Наурзумском районе стартовала уборочная кампания

В крестьянском хозяйстве «Третьяк» встретили ее с полной готовностью и рабочим настроем. (далее…)

7 часов ago

Науырзымның ғасырлық қара шаңырағы: Мереке мектебінің 100 жылдық мерейтойы

Науырзым ауданының Мереке ауылында ғасырлық тарихы бар Мереке мектебінің 100 жылдық мерейтойы кең көлемде аталып…

5 дней ago

Науырзымда ұлттық мұра жаңғырып келеді

Өлеңді ауылының тұрғыны Ерболат Бияхметов атадан қалған қамшы өру өнерін қайта жаңғыртып, ұлттық қолөнерді дәріптеп…

3 недели ago

Науырзымның ғасырлық қара шаңырағы: Мереке мектебінің 100 жылдық мерейтойы

Науырзым ауданының Мереке ауылында ғасырлық тарихы бар Мереке мектебінің 100 жылдық мерейтойы кең көлемде аталып…

3 недели ago

This website uses cookies.