Науырзым қорығында шытырман оқиғаға толы фильм түсірілмек

Өңірімізде орыс тілінде түсірілетін бұл фильм «Степь» деп аталады

Қостанай облысының Науырзым қорығында Қызыл кітапқа енген жан-жануарлар, орманды қорғайтын қорықшылар мен аңшылар жайында шытырман оқиғаға толы фильм түсірілетін болады.

Фильм барысы браконьерлер мен қорықшылардың арасындағы күреспен өріледі. Соңғы жылдары саны сиреп кеткен аулуға тиым салынған аңдарды қорықшылар көзінің қара шығындай қорғайды. Ал атып алып, оны үлкен олжа етуді мақсат еткен браконьерлер қорықшыларға қарсы шығады.

Аталмыш фильмде Сергей Гармаш, Сейдолла Молдаханов, Дәурен Серғазин, Жанель Макажанова, Нышанбек Жұбанов, Ержан Түсіпов, Төлепберген Байсақалов сынды елімізге кеңінен танымал актерлер бой көрсететін болады. Сонымен қатар бұл картинада облыстық І.Омаров атындаға қазақ драма театрының әртістері Азамат Шүкеев, Нұрлыбек Кенжеахметов, Төленді Әлқожа, Әлімхан Мырзахан, Қуаныш Маратұлы өздерінің актерлік шеберліктерін танытпақ.

Табиғаты керемет Науырзым қорығында түсірілетін фильмнің режиссері, сценарий авторы Максим Акбаров. Мемлекеттік тапсырыс бойынша түсірілетін бұл фильм тамыз айында бастау алмақ. Сонымен қатар бұл бастамаға Қостанай облысы әкімдігі мен мәдениет басқармасы барынша қолдау көрсетіп отыр.

Осы ретте фильмде бой көрсететін І.Омаров атындағы қазақ драма театрының әртісі Азамат Шүкеевке хабарласқанымызда, ол:

– Қазір фильмге түсуге дайындалып жатырмын. Мен мұнда браконьерлердің басшысының оң қолы Ералының рөлін ойнаймын. Елімізде соңғы жылдары браконьерлердің қолынан қорықшылардың өлімі жиілеп кеткеннен кейін осы фильмді түсіру қолға алынған. Мағынасы терең, шытырман оқиғаға толы қызықты фильм болғалы тұр. Фильмнің кастингі осыдан бір ай бұрын ұйымдастырылды. Мен оған өзім жайымда деректер мен суретімді ұсынған болатынмын. Ойымша түр-әлпетім фильмнің тақырыбына тура келген болуы керек, осы туындыға шақырту алдым. Бұл фильм «Степь» деп аталады. Орыс тілінде түсіріледі, – деді ол.

Науырзым өңіріміздің табиғаты көркем, қасиетті мекені. Бұл осындай мәнді де мағыналы фильм түсіруге әбден лайықты жер. Сондықтан кино әлеміндегі осынау маңызды бастамаға сәттілік тілейміз.

Аягөз КӘКІМЖАНОВА

Редактор

Recent Posts

Науырзымдық Джейран Валиеваға медицина саласындағы адал еңбегі үшін марапат берілді

Денсаулық сақтау саласына қосқан көпжылдық адал еңбегі мен кәсіби шеберлігі үшін Джайран Валиева «Денсаулық сақтау…

5 дней ago

Науырзым ауданы: Қарамеңдіде қар тазалау жұмыстары жүйелі жүргізілуде

Қарамеңді ауылдық округінде 2025 жылы қыс мезгілінде тұрғындардың қауіпсіз әрі кедергісіз қатынауын қамтамасыз ету мақсатында…

1 неделя ago

Науырзым ауданының үздік оқушылары Президент шыршасына қатысты

Облыс орталығында Мемлекет басшысының атынан ұйымдастырылған дәстүрлі Президент шыршасы өтті. (далее…)

3 недели ago

Науырзым ауданының бас шыршасы жағылды

Аудан орталығында Жаңа жыл мерекесіне орай бас шыршаны жағу рәсімі салтанатты түрде өтті. Мерекелік шараға…

3 недели ago

Науырзым ауданының бас шыршасы жағылды

Аудан орталығында Жаңа жыл мерекесіне орай бас шыршаны жағу рәсімі салтанатты түрде өтті. Мерекелік шараға…

3 недели ago

В селе Уленды Наурзумского района появилось уличное освещение: на шести улицах установили 30 фонарей

Уленды — небольшое село в Наурзумском районе. Это  как тихий островок жизни, где люди заботятся о хозяйстве, продолжают…

3 недели ago

This website uses cookies.