Облыс орталығында Мемлекет басшысының атынан ұйымдастырылған дәстүрлі Президент шыршасы өтті.
Салтанатты мерекелік шараға ауданымыздан білімде, спортта және шығармашылықта жоғары жетістікке жеткен озат оқушылар қатысып, ерекше әсермен оралды.
Айтулы шараға облыс әкімі Құмар Ақсақалов қатысып, бүлдіршіндерді құттықтады. Жаңа жылдық кеште балаларға Қазақстан Республикасының Президентінің құттықтау хаты оқылып, арнайы мерекелік сыйлықтар табысталды. Шара барысында театрландырылған қойылымдар, вокалдық, би және цирк өнерін біріктірген жарқын концерттік бағдарлама ұсынылды. Әсем безендірілген сахна, ертегі кейіпкерлері мен көтеріңкі көңіл күй балаларға нағыз мерекелік қуаныш сыйлады.
-«Президент шыршасына қатысу мен үшін үлкен қуаныш әрі зор мәртебе болды. Облыс орталығында өткен мерекелік кеш ерекше әсер сыйлады. Көрсетілген концерттік бағдарлама, ертегі кейіпкерлері мен сыйлықтар есте қаларлықтай болды. Осындай шараға қатысуға мүмкіндік берген ұстаздарыма және қолдау білдірген барша жандарға алғыс айтамын. Бұл мені алдағы уақытта да жақсы оқып, жаңа жетістіктерге жетуге ынталандырды», – дейді ауданымыздың үздік оқушысы Жансая Төлеухан.
Президент шыршасына қатысу — оқушылар үшін үлкен мәртебе әрі жыл бойғы еңбектің лайықты бағасы. Бұл олардың алдағы уақытта да биік белестерді бағындыруына зор серпін беретіні сөзсіз.
Мұндай тағылымды әрі мазмұнды шаралар жас ұрпақты еңбекқорлыққа, білім мен өнерге ұмтылуға тәрбиелеп, ел болашағына деген сенімді нығайта түседі.
Жібек МЫРЗАҒАЛИ
Фотоны ұсынған АББ
У каждого человека есть свой способ оставаться в движении. (далее…)
Одним из награждённых, поднявшихся в этот день на сцену, стал учитель физики из села Шили…
Чествование состоялось во Дворце молодежи «Жастар». На него пригласили более 300 человек со всей области.…
«Труд облагораживает человека» — фраза из одного популярного советского фильма как нельзя точно характеризует жизненную…
Ураганный ветер, обрушившийся 19 августа на Наурзумский район, не прошёл бесследно. (далее…)
Қостанай облысының әкімі Құмар Ақсақалов Науырзым ауданына жұмыс сапарымен барып, аудан тұрғындарымен ашық форматта кездесті.…
This website uses cookies.