Науырзым ауданының Өлеңді мектебінде жаңа кітаптың тұсаукесері өтті

Өңірдің киелі топырағы талай талантты тұлғаларды түлеткен мекен.

Солардың бірі – Өлеңді орта мектебінің түлегі, бүгінгі таңда үлкен ғылым мен шығармашылық әлемінде өз ізін қалдырған дарынды жазушы әрі ұстаз Дархан Кожебаев. Дархан Кожебаев – Астана қаласындағы қазақ ұлттық өнер университетінің аға оқытушысы, PhD философия докторы, “Күйшілер Одағының” құрылтайшысы және жиырмаға жуық ғылыми мақалалар авторы.

-Монографиямның тақырыбы – «Музыкалық өлкетану негізінде музыка мұғалімін даярлау». Бұл еңбекте болашақ музыка мұғалімдерін туған өлкесінің мәдени мұрасын тиімді пайдалана отырып, оқушыларды тәрбиелеу, олардың жүрегіне туған жерге деген махаббатты ояту мәселелері қарастырылады. Мұнда өлкенің музыкасын сабақ барысында қолдану, оны заманауи педагогикалық әдістермен үйлестіре отырып, оқушылардың рухани-мәдени санасын байыту жолдары кеңінен қамтылған,-дейді автор.

Кітапта туған жердің сазгерлік дәстүрлері, халық әндері мен күйлері, олардың орындалу ерекшеліктері кеңінен баяндалған.

-Еңбегімнің жазылуы 2018 жылы докторантураға түскеннен бастау алды. Осы уақыт аралығында халық күйлері негізінде академик, педагогика ғылымдарының кандидаты, профессор, ғылыми жетекшім Хусаинова Гүлзада Ануарқызымен бірлесе отырып, 2017 және 2021 жылдары электронды ресурстар құрастырдық. Бұл ресурстар да зерттеу жұмысының бір бөлігі ретінде қомақты үлес қосты. 2024 жылы жарық көрген монографиямыз – көпжылдық еңбектің жемісі,-деп атап өтті Дархан Ержанұлы.

Шара барысында сөз алған мектеп мұғалімдері, әріптестері, дос-жарандары мен шәкірттері Дархан Ержанұлының еңбегіне, оның ғылымдағы жетістіктеріне жылы лебіздерін білдіріп, оған шығармашылық табыс тіледі.

-Монографияның негізі – 2023 жылы қорғаған докторлық диссертациямның жемісі. Ғылыми зерттеудің басты шарты – қорғаудан кейін оның мазмұнын көпшілікке арнап басылым немесе монография ретінде жарыққа шығару. Менің бұл еңбегім де осындай мақсатпен дүниеге келді. Монография тек болашақ музыка мұғалімдеріне ғана емес, сонымен қатар өлкетану саласын зерттеп жүрген жас ғалымдарға да арналған. Тақырыбым – 5 жыл бойы зерделеніп, ғылыми тұрғыдан сарапталған докторлық зерттеуімнің нәтижесі. Әрбір мұғалім, әсіресе музыка пәнінің ұстаздары, өз өлкесінің бай мәдени мұрасын танып-біліп, оны сабақ барысында қолдана білуі қажет деп білемін. Осы ойды алға тартып, монографиямда мәдени мұраның маңыздылығы мен оның тәрбиелік ықпалын жан-жақты ашуға тырыстым,-деді Дархан Кожебаев.

Автор монографияда музыкалық мұраларды заман талабына сай жаңаша ұғындыру, музыка мұғалімдерін кәсіби тұрғыдан даярлауда өлкетану элементтерін қолдану мәселелерін жан-жақты талқылаған.

-Алдағы уақытта музыкалық өлкетану мен күйшілік мектептер жайлы терең зерттеулер жүргізіп, жаңа еңбектер жазуды жоспарлап отырмын. Зерттеулеріме негіз болатын дүниелерді Асия Мұхамбетова, Саида Елеманова, Базаралы Мүптекеев, Таласбек Әсемқұлов сынды ғалымдардың қазақ музыкасы тарихына қатысты еңбектерінен таптым. Сонымен қатар, этнограф ғалым Ақселеу Сейдімбектің еңбектері де шығармашылық және ғылыми қызметіме өз ықпалын тигізуде. Оқыған әрбір туындым болашақ ғылыми ізденістерімнің бағыт-бағдарын айқындап, зерттеу жұмыстарыма тың серпін беріп келеді. Ұлттық мәдени мұрамызды насихаттау – менің басты мақсатым, сондықтан осы бағытта жасалатын әрбір еңбек мен үшін аса маңызды,-дейді жазушы.

Дильназ Изделюева

Суреттерді ұсынған кейіпкер

Редактор

Recent Posts

Ұстаздар арасында дәстүрге айналған “Қалдырған ізің мәңгілік” атты V аудандық турнир өтті

2024 жылдың 14 қарашасында ауданымызда Жамбыл орта мектебінде 30 жыл басшы болып қызмет еткен және…

6 дней ago

Бірлігі жарасқан берекелі ұжым

Биыл 15 қарашада Қазақстанның мемлекеттік егемендігінің маңызды атрибуттарының бірі – «Ұлттық валюта» теңгеге 31 жыл…

6 дней ago

Әзім Әбдіркенов Абу-Даби қаласында Әлем чемпионы атанды

Абу -Даби қаласында қараша айының 10-11 күндері джиу-джитсийдан Әлем чемпионаты өткен болатын. Әлемның түкпір түкпірен…

7 дней ago

Науырзымдық Ерлан Омаров АҚШ-тың Лас-Вегас қаласында көк байрағымызды көтеріп, әнұранымызды шырқатты

АҚШ- тың Лас-Вегас қаласында дзюдодан күрес шеберлері арасындағы әлем чемпионатында 90 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде…

2 недели ago

Науырзымдық қорықшыларға құрмет көрсетілді

Жыл сайын Қазақстанда қазан айының үшінші жексенбісі орман шаруашылығы күні атап өтіледі. (далее…)

2 недели ago

This website uses cookies.