Науырзым ауданыны дүкендерінде нан және кондитерлік өнімдер қапталған күйінде сатылуда
Сауда және интеграция министрлігі Қазақстанда төтенше жағдай енгізілгеннен кейін бірнеше ұсыныс жасаған болатын.
Министрлік ірі сауда нысандарының сағат 10:00 мен 18:00 аралығына дейін санитарлық қауіпсіздік шараларын күшейте отырып қысқартуды ұсынды.
Азық-түлік дүкендері мен супермаркеттер, сауда базарлары күнделікті режим бойынша санитарлық және дезинфекциялық шаралар сақталып, жұмыс істей береді. Сонымен қатар, дүкендерде нан және кондитерлік өнімдер жабық, яғни, қапталған күйінде сатылуы керек деген еді.
Бүгін біздің редакция өкілі Наурызым ауданы, Қараменді селосы орталығындағы “Тұмар”, “Жанат”, “Юрта” сауда дүкендерінде болып, тұтынушылармен дүкен иелерімен сұхбаттасты. Кәсіпкерлер жауапты мекемелер ескертпе (парақша) алып, сол талаптар бойынша орындап жатқанын айты. Жеке кәсіпкер Бота Галиева сауда дүкенде азық – түлік қоры жеткілікті екенін айты. Сауда дүкен іші дизенфекциялық шаралар жасап жатқанын көрдік.
Айта кетейік, кеше Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев республикада төтенше жағдай жариялады.
Много сидишь в социальных сетях? Тогда читай полезные новости в группах "Qostanai.Media" ВКонтакте, в Одноклассниках, Фейсбуке и Инстаграме. Сообщить нам новость можно по номеру 8-701-031-72-31