Науырзым ауданында жастар практикасы бағдарламасымен 4 маман жұмысқа орналасқан

Жастар практикасы бағдарламасы жастарды жұмыспен қамтуға және олардың кәсіби дағдыларын жақсартуға бағытталған маңызды бастама.

Бұл бағдарлама жастарға алғашқы жұмыс тәжірибесін алуға көмектесуді мақсат етеді, бұл олардың болашақта сәтті жұмысқа орналасу мүмкіндіктерін айтарлықтай арттырады. 2024 жылға арналған жоспар бойынша Науырзым ауданында 14 адам жұмысқа орналасуы керек болатын. Қазіргі уақытта жастар практикасында 4 адам жұмыс істеп жатыр.

–Жастар практикасы бағдарламасының негізгі мақсаты жастар арасындағы жұмыссыздық деңгейін төмендету. Бағдарлама жас мамандарға жұмыс орындарын құруға бағытталған, бұл оларға мансабын бастауға және оқу орындарын бітіргеннен кейін ұзақ уақыт жұмыссыз қалмауға көмектеседі. Тәжірибе жинап, көпті үйренеді. Бағдарлама қатысушылары теориялық білімдерін практикада қолдануға және кәсіби дағдыларын дамытуға мүмкіндік алады. Еңбек нарығындағы бәсекеге қабілеттілікті арттырады. Бағдарлама аясында алынған жұмыс тәжірибесі жас мамандарға ауадай қажет. Бұл әрі жұмысқа орналасуға жол ашады, – дейді Науырзым ауданының Мансап орталығы филиалының басшысы Айман Қалмақова.

Жастар практикасы бағдарламасы 18-ден 35 жасқа дейінгі жастарға арналған. Олар оқу орындарын бітіргеннен кейін 5 жыл ішінде осы бағдарламаға қатыса алады. Жастар практикасына қатысу мерзімі 12 айды құрайды. Жалақы 30 МРП (110 760 теңге). Қатысушылар жоғары оқу орындарының және орта оқу орындарының түлектері болуы керек.

Жастарға өз-өзін көрсетуге мүмкіндік берген жақсы, әрине. Бірақ, сонымен қатар оларға мотивация да керек. Жас мамандарды айтпағанда, тәжірибелі, тісқаққан қызметкерлердің өзі жоғары жалақы алса, жұмысты құлшыныспен істейді. Ал қолына дипломын енді ғана алған, жас үшін мақтау-мадақтаудың өзі жеткілікті. Әйткенмен, сол жұмысы қаржылай бағаланса еңсесі көтеріліп, қуанып қалтыны жасырын емес.
Оның мекемедегі құқығы басқа да қызметкерлермен тең. Жұмыс беруші практикантқа келісім жасалған еңбек шартының мерзімі аяқталғанда немесе жаңа жұмыс орны ашылғанда тұрақты жұмыс орнымен қамтамасыз етеді.

Аталмыш бағдарламамен жұмысқа қабылданғандардың бірі – Руслан Байдрахман. Ол Астанада білім алып келген. Жас маман тәжірибе жинақтау үшін Науырзым ауданына келіп, мамандығы бойынша Жастар практикасы бойынша жұмысқа тұрыпты.

–Жұмысым ұнайды. Өзімнің мамандығым – дизайнер-архитектор. Осы жерде тәжірибе алып, кейін қалаға барамын деп ойлаймын. Өйткені жоғарғы оқу орнын бітіріп, бірден жұмысқа орналасу өте қиын. Мүмкін тұрақты жұмысқа орналасып та қалармын, – дейді ол.

Науырзым ауданына келген жас маманның бірі – Марат Төлеубаев. Ол да аудан орталығына келіп, еңбекке аралсып кеткеніне қуанышты. Болашаққа қадам басып, білікті мамандардан көпті үйреніп, келешекте өз ісінің білгірі болатынына сенімді.

Бағдарлама жұмыс берушілерге де тиімді. Олар өздеріне лайықты қызметкерлерді тауып, кадр мәселесін шешеді. Жастар практикасының негізгі мақсаты – еңбек өтілі жоқ жастарға өз мамандығы бойынша тәжірибе жинақтауға көмектесу. Егер өз мамандығы бойынша жұмыс табылса, онда келісімшарт тоқтатылып, жас маман өзінің мамандығы бойынша жұмысқа жолданады.

Ай ӘБДІЛДА.

Редактор

Recent Posts

Науырзымдық Джейран Валиеваға медицина саласындағы адал еңбегі үшін марапат берілді

Денсаулық сақтау саласына қосқан көпжылдық адал еңбегі мен кәсіби шеберлігі үшін Джайран Валиева «Денсаулық сақтау…

5 дней ago

Науырзым ауданы: Қарамеңдіде қар тазалау жұмыстары жүйелі жүргізілуде

Қарамеңді ауылдық округінде 2025 жылы қыс мезгілінде тұрғындардың қауіпсіз әрі кедергісіз қатынауын қамтамасыз ету мақсатында…

1 неделя ago

Науырзым ауданының үздік оқушылары Президент шыршасына қатысты

Облыс орталығында Мемлекет басшысының атынан ұйымдастырылған дәстүрлі Президент шыршасы өтті. (далее…)

3 недели ago

Науырзым ауданының бас шыршасы жағылды

Аудан орталығында Жаңа жыл мерекесіне орай бас шыршаны жағу рәсімі салтанатты түрде өтті. Мерекелік шараға…

3 недели ago

Науырзым ауданының бас шыршасы жағылды

Аудан орталығында Жаңа жыл мерекесіне орай бас шыршаны жағу рәсімі салтанатты түрде өтті. Мерекелік шараға…

3 недели ago

В селе Уленды Наурзумского района появилось уличное освещение: на шести улицах установили 30 фонарей

Уленды — небольшое село в Наурзумском районе. Это  как тихий островок жизни, где люди заботятся о хозяйстве, продолжают…

3 недели ago

This website uses cookies.