Ауқымды акцияның басты мақсаты – аумақтарды тазалаумен қатар, тұрғындардың қоршаған ортаға ұқыпты қарауға шақыру.
Елімізде басталған «Таза Қазақстан» экологиялық акциясы аясында барлық мәдени-тарихи орындарында, оның ішінде киелі жерлердің маңында санитарлық-тазалық жұмыстар жүргізіліп тұрады. Ауданның мәдениет қызметкерлері ауыл жастарымен бірлесіп «Таза Қазақстан» акциясының «Киелі мекен» апталығының алғашқы күндерінде киелі мекендердің аумағын тазартып, әктеу-сырлау жұмыстарын жүргізді, ағаш көшеттерін отырғызды.
-Осы мақсатпен Қоянақ әулие Жолшарақызыңы кесенесіне Докучаев, Шолақсай, Шилі жалпы білім беретін мектептерінің оқушылары, мәдениет қызметкерлері барып, тазалап шықты. Олар экологиялық акцияғы үлес қосумен қатар киелі жердердің қасиетін насихаттап, мән-мағынасын да түсіндірді. Жалпы тек акция аясында ғана емес аудан көлеміндегі көркейту-көгалдандыру және санитарлық-тазалық сенбіліктері барлық елді мекендерінде көктемнің алғашқы күнінен бастау алып, тұрақты түрде жүргізіліп тұрады, – дейді аудандық мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің бас маманы Гүлнар Аксаутова.
Қостанай облысының жергілікті маңызы бар киелі объектілерінің тізбесінде Науырзым ауданынан 4 нысан енгізілген. Олар: Түркебай әулие Ақанұлының жерленген жері, Мәтен Баяндыұлы батырдың жерленген жері, Үмбетей батыр Бәйсейітұлы мен Қоянақ әулие Жолшарақызының кесенелері. «Қазақстанның киелі жерлерінің географиясы» жобасы жалпыұлттық сипатқа ие рухани жәдігерлерді топтастырады.
2017 жылдан бастап осы киелі жерлер туралы аудан тұрғындарымен, оқушылармен, ауыл жастарымен кездесіп «Қазақстанның киелі жерлері» арнайы жобасының маңыздылығы түсіндіріліп, Науырзым ауданының киелі жерлерін жас ұрпаққа, жастарға таныстыру және мәдени-танымдық жұмыс жүргізу мақсатында экскурсия ұйымдастырылып, дөңгелек үстелдер, түсіндірме жұмыстары жүргізіліп тұрады. Аталған ауқымды жобаның арқасында назардан тыс қалған, тарихымыздан, мәдениетімізден алар орны бар жерлер қалың көпшілікке танылып келеді.
Ай ӘБДІЛДА
Науырзым ауданында қазақ аруларына арналған аудандық байқау өтті. (далее…)
Ауданымызда 8 наурыз – Халықаралық әйелдер күніне арналған мерекелік кеш өтті. (далее…)
Несмотря на определенные трудности в сельской школе в виде отсутствия современных технологий и возможностей, Юлие Николаевне хочется, чтобы…
Конкурс был приурочен к празднованию Национального дня книги и прошёл под темой «Моя любимая книга».…
С самого утра на центральной площади села Камысты было оживлённо: покупатели неспешно выбирали продукты, общались с продавцами…
На ней присутствовали выпускники разных лет, даже те, кто окончил школу 50 лет назад. (далее…)
This website uses cookies.