2021 жылдың 28 сәуірінде өрт сөндірушілер мен орманшылар тактикалық оқу-жаттығу дайындығын “Науырзым мемлекеттік табиғи қорығы” РММ аумағында өрт – тактикалық оқу-жаттығуын өткізді
Оқу-жаттығудың мақсаты – өрт қауіпті кезеңінде орман – дала өрттерінің алдын алу және оларды жою, аудан аумағында, жергілікті атқарушы органдар мен қызметкердің жауынгерлік дайындық деңгейін арттыру болып табылады.
Өрт-тактикалық оқу-жаттығу техникаларды тарту және имитация құралдарын қолдану қазіргі уақытта өте қажет. Өртке қарсы оқу-жаттығулар жігерлі түрде жүргізіледі. Іс-шара барысында өрт сөндіру бөлімшелерінің жұмыс дағдылары, олардың дене дайындығы және басқа бөлімшелермен өзара іс-қимыл жасау дағдылары жетілдіріледі. Сценарий бойынша “101” пультіне Науырзым мемлекеттік табиғи қорығы аумағында ауа температурасының күрт көтерілуіне байланысты (+40 С) дала алқабының жануы туралы хабарлама келіп түсті. Отты сөндіруге аудан және ауыл әкімдігі, төтенше жағдайлар бөлімі, Науырзым қорығы және өрт сөндіру бөлімі мамандары қатысты.
– Басшылықтың өрт болған орына келгенде, өрт қатты желдің салдарынан таралғаны, үлкен жылдамдықпен оңтүстік – шығыс бағыты болғаны анықталды. Оқиға орнына келген күштер мен құралдарды есепке алу ұйымдастырылды. Оқу-жаттығуға 15 бірлік техника және жеке құрамның 40 адамы жұмылдырылды. Үйлесімді іс-қимылдарға тартылған барлық күштер мен құралдардың арқасында өрт дер кезінде, уақытылы сөндірілді. Қорытынды бойынша жоспарланған барлық іс-әрекеттер нақты және уақытында аяқталды- дейді аудандық төтенше жағдайлар бөлімінің басшысы Айбек Ғалымжанов.
Мамандардың сөзінше, бұл оқу-жаттығу ойдағыдай өтті. Ендігі міндет – осы тәжірибені төтенше жағдай туындай қалғанда шынайы түрде шапшаң, әрі шығын шығармай іске асыру.
Жібек МЫРЗАҒАЛИҚЫЗЫ
С самого утра на центральной площади села Камысты было оживлённо: покупатели неспешно выбирали продукты, общались с продавцами…
На ней присутствовали выпускники разных лет, даже те, кто окончил школу 50 лет назад. (далее…)
Конкурс направлен на развитие творческих способностей учащихся. (далее…)
Мероприятие с названием "По страницам детства" прошло в Шолаксайской сельской библиотеке. (далее…)
20 ақпан күні Науырзым ауданының Жастар ресурстық орталығы еріктілердің қатысуымен «Қарлы десант» акциясын өткізді. (далее…)
Қыстың қарлы күндерінде де ауыл тіршілігі тоқтамайды. (далее…)
This website uses cookies.