
Науырзым ауданында қоғамдық жұмысқа бірқатар азаматтар орналасқан
Мансап орталықтары ұсынатын 2021-2025 жылдарға арналған кәсіпкерлікті дамыту жөніндегі ұлттық жоба бойынша ауданымызда біржама азаматтары қоғамдық жұмысқа орналасқан.
Қоғамдық жұмыс қызметкерлердің алдын ала кәсіптік даярлаудан өтуді талап етпейтін, олардың уақытша жұмыспен қамтылуын қамтамассыз ету үшін әлеуметтік пайдалы бағыты бар еңбек қызметінің түрі. Қоғамдық жұмыстарға мүмкіндігі шектеулі азаматтар, жағдайы төмен отбасылар, жұмыспен қамтылмаған адамдар қатыса алады. Қоғамдық жұмысқа қатысу ұзақтығы 12 айдан аспайды. Қоғамдық жұмыстарға қатысатын адамдардың жалақы мөлшері ауданымызда бір қызметкерге 121 892 (31МРП) құрайды.
-Ағымдағы жылдың басынан бастап қоғамдық жұмыстарға ауданның 75 жұмыссыз азаматы жоспарланған, ол үшін республикалық және аудандық бюджеттен белгілі қаржы бөлінеді. Тұрақты жұмыс орнымен 70 адам жұмысқа орналасқан. Қазіргі таңда жоспарды толығымен орындап жатырмыз деп айтсам болады. Тағы 5 адамды қоғамдық жұмысқа қабылдаймыз. Қызмет уақыты қоғамдық жұмыскерлер үшін таңғы 9:00 бастау алып кешкі 18:30 аяқталады. Жұмыстағы басты міндеттері аудан тазалығын сақтау, гүлдерді суару, саябақтардың тазалығы секілді түрлі жұмыстар атқарады, – дейді мансап орталығының басшысы Наурызбай Қалиханов.
Жұмыссыз жүргендіктен мансап орталығының көмегімен осы жұмыста еңбек етудемін. Жалақымыз күн көріске жетеді. Аудан көлеміндегі тазалық жұмыстарын атқарамыз. Жұмысым еш қиындық туғызбайды, таза еңбекпен нанымызды тауып, күнкөріс қамын ойлаудамыз, – дейді Нұрдана Бермағамбетова.
Иә, таза еңбек қара жұмыс қолында екені анық. Жасы бар, қарты бар таза еңбекпен нан табуға тырысып бағуда. Қоғамдық жұмыста еңбек етушілерді мүмкіндік туғанда тұрақты жұмыспен орналастыруды қарастыруда. Күнделікті осы кісілердің еңбегінің арқасында ауданымыз таза. Жұмыс талғамай маңдай терімен табыс тауып жатқан азаматтарға күш-жігер тілейміз.
Жібек МЫРЗАҒАЛИ
Фотоны түсірген автор
Много сидишь в социальных сетях? Тогда читай полезные новости в группах "Qostanai.Media" ВКонтакте, в Одноклассниках, Фейсбуке и Инстаграме. Сообщить нам новость можно по номеру 8-701-031-72-31