Жалпы ауданда кәсіпкерлікпен айналысамын деген азаматтарға жұмыспен қамту орталығы арқылы бүгінде мемлекет тарапынан қолдау көрсетілуде
Сол қолдаудың шарапатын көріп жатқан азаматтарымызда бар. Қарамеңді ауылында тұратын көп балалы ана мемлекет ұсынған 1 225 200 мың тенге грантқа “Тәтті әлем” деген атаумен аудан орталығынан шағын дүкен ашты. Салтанатты ашылу рәсіміне аудан әкімінің орынбасары Нұрлан Әміров, жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің басшысы Гүлжанат Тазибекова, Қостанай облысы Кәсіпкерлер Палатасының Науырзым аудандық филиалының директоры Данияр Тасанов, Науырзым ауданы “Кәсіпкерлер Одағы” ҚБ-нің төрайымы Бибігүл Шорина және аудан тұрғындары қатысты.
– Мен көп балалы анамын, балаларым мектеп жасында, оларды қыдыртып, тәтті балмұздақ, тәтті мақта, попкорн жегілері келгенде қалаға апарамыз. Бір күні неге осыларды өзіміз жасамасқа деген ой келді. Ең бастысы таза, табиғи өнім, содан жолдасыммен ақылдаса келе электронды “Еңбек” биржасы арқылы “Бастау бизнеске” өтінім беріп, 14 күн оқыдым. Оқығаннан кейін бізге арнайы сертификат берілді. Содан мен жеке тұлға ретінде тіркеліп, жұмыспен қамту орталығына барып бизнес жоспарымды көрсетіп, белгіленген уақытта комиссия алдында өз жобамды қорғап шықтым. Басында әрине, қобалжу болды. Қалай болады, қолымнан келеме дегендей. Қорғап болғасын бір-екі күн ішінде жұмыспен қамту орталығынан мемлекеттік қайтарымсыз грантқа өттіңіз деген жауап келді. Содан жолдасым екеуіміз балмұздақ, тәтті мақта, попкорн жасайтын қондырғылар іздеп, тапсырыс бердік. Өзімізге қажетті қондырғыларды Астана, Қарағанды және Қостанай қалаларынан сатып алдық, – дейді Алтынай Софина.
Жалпы бұл кәсіп расыменде аудан орталығына қажет десекте болады. Себебі кез-келген ата-ана баласына тәтті алып беруге дайын. Әсіресе жаз айларында таптырмас дүкен болары анық. Дүкен ішінде балмұздақтың үш түрін дайындап сатады. Шоколадты, бабл гам, ванильді балмұздақтар. Сонымен қатар түрлі түсті попкорн сатылымда. Бір шағын стакан балмұздақтың құны 250 теңге, 1 кг балмұздақ 2500 теңге қаламен салыстырғанда бағасыда арзан, әрі дәмі тіл үйреді.
Аудан әкімінің орынбасары Нұрлан Әміров Алтынай ханымды құттықтап, одан әрі дамуына сәттілік тілеп, ыстық лебізін білдірді. Өз кезегінде аудан тұрғындарына көкейде жүрген бизнес-идеялары болса, жауапты мекеме ұйымына барып ұсыныс тастаса, мемлекет қашанда қолдауға дайын деп тілге тиек етті.
Қарамеңділік кәсіпкер Алтынай Софина: «Бизнес ашудан қорықпау керек. Қазір барлық аудандарда кәсіпкерлікті қолдау бөлімдері жұмыс істейді. Ынтаңыз болса, курстарда оқып сүйікті ісіңізбен айналысуыңызға болады», – деп кеңес береді.
Жібек МЫРЗАҒАЛИ
Ауданымызда 1 қыркүйек – Білім күніне арналған салтанатты жиындар өтіп, жаңа оқу жылына алғашқы қадам…
Коммунальные службы и ответственные организации заранее проводят комплекс необходимых мероприятий, чтобы с наступлением холодов объекты…
Особое внимание уделяют безопасности детей и общественному порядку (далее…)
Ее главная цель — оказать необходимую помощь детям из малообеспеченных и многодетных семей, а также…
На проект выделяется более 2,6 миллиарда тенге, а сам ремонт включает укрепление основания дорожного полотна…
В этом году совещание было посвящено теме «Нормы и ценности новой Народной Конституции: развитие человеческого…
This website uses cookies.