Науырзым ауданында «Бейбітшлік пен келісім» жобасы аясында көшпелі кездесу өтті.

Қазақ елі – көпұлтты қасиетті қоныс. Тағдырдың тәлкегіне ұшырап, қоныс аударып келген бірнеше ұлт өкілі елімізде жылдар бойы тату-тәтті өмір сүріп келеді. Науырзым ауданында да көп ұлттар мекендеген.

Осыған орай Қостанай облысы Қазақстан халқы Ассамблеясы жанындағы Ақсақалдар кеңесі мүшелері «Бейбітшлік пен келісім» жобасы аясында көшпелі кездесумен Науырзым ауданында болды. Кеңес мүшелерін аудан әкімі Мәди Ихтиляпов қабылдап, ауданда ұлтаралық келісімге қатысты атқарылып жатқан жұмыстар жайын әңгімеледі.

Жалпы бұл көшпелі кездесулер облыстың бірнеше аудан, аулдарында өтеді. Халықпен, еңбек ұжымдарымен кездесіп, дәрістер, кеңес өткізіледі. Бұл бастама Ассамблея жастарымен бірлесе ұйымдастырылуда. Аталмыш жобаның мақсаты да биік. Этносаралық қатынастар саласындағы мемлекет саясатын іске асыру және ұлтаралық келісім мен халық бірлігін нығайту және сақтау, қоғамды біріктіру. Қазақ халқының салт-дәстүрлерін, ұрпақтар сабақтастығын сақтау және насихаттау. Облыс аумағында тұратын этностар арасындағы ұлтаралық қақтығыстардың алдын алу және ескеру.

«Бейбітшілік пен келісім» жобасы аясында “Қоғамдық келісім” КММ жанындағы ҚХА және Ассамблея жастары мен аудандық мәслихат депутат өкілдері Науырзым ауданына келіп, бірнеше ауылда кездесу өткізуді жоспарлаған. Алғаш кездесу аудан орталығынан бастау алып, одан әрі Буревестник ауылына бет алды.

Науырзым ауданы көптеген түрлі ұлт өкілдері  шоғырланған мекен. Бірақ ешқандай түсінбеушілік, қақтығыстар болмаған.

–Буревестник ауылының халқы өзінің мызғымас достығымен, тату бірлігімен қарқынды еңбек етіп келеді. Ауылда  15-тен астам  ұлт пен ұлыс өкілдері тұрады. Қазақ, орыс,  неміс, авар, татар, белорус, молдавандар бар. Бәрі де бір-бірімен жақсы араласып, сіңісіп кеткен. Бауырмал қазақтың шаңырағы қаншама ұлтқа пана болды. Әр кезеңде түрлі себептермен қазақ жеріне қоныс аударған өзге ұлыс өкілдеріне төрінен орын берді. Түрі басқа болғанымен, тілегі бір, жүзі басқа болғанымен, жүрегі бір Қазақстан халқы осы бірлік пен татулықтың арқасында жарқын болашаққа бет алып келеді. Мәдениеті мен салты сақталған, – дейді ауыл әкімі Азамат Дадаев.

Жоба бастамашылары әлі де бірнеше аудан, қалада болып, кездесуде көтерілген мәселелерді жерде қалдырмай, шешімін табуға көмекші болмақ.

–Жоба аясында облыстың бірнеше ауылдарын, аудандарын араламақпыз. Әсіресе өзге ұлт өкілдері орналасқан аймақтарда кездесулер болады. Өткен аптада Жітіқара ауданында болсақ, екінші атбасын тіреген аудан Науырзым жері. Аудан әкімі аудандағы ұлттар арасындағы байланыс, бірлік жайында әңгімелеп берді. Ұлттар арасында ешқандай түсінбеушілік, жанжал тіркелмеген. Бәрі де тату-тәтті, достықта өмір сүріп жатыр. Одан әрі 120 шақырым жерде жатқан Буревестник ауылында болып, кездесу өткіздік, – дейді кеңес мүшесі Айбек Таңатбаев.

Жоба аясында Буревестник ауылының тұрғындарымен, «Кашкадан» ЖШС де кездесу болған. Кеңестің мүшесі, облыстық ақсақалдар кеңесінің төрағасы Қалқаман Хасенұлы басқосуға келген халықтың айтарына құлақ асты. Олардың тарапынан туған сұрақтарға жауап берді. Науырзым аудандық мәслихатының төрайымы Гүлсім Әбенова да қатысып, өз пікірін білдіріп отырды. Ол кісі халықты толғандырған сұрақтарға жауап берді.

Халықты жол мәселесі, жарық жайы, мемлекеттік бағдарламалардың шарты алаңдатады екен. Онымен қоса ауылдың бүгінгі жай-күйі де, ауылға келетін жас мамандардың жоқтығы да толғантады. Бұл айтылған мәселелер айтылған жерде қалып қоймайды. Олар арнайы тіркеліп, облыстық атқарушы органдарға жіберіледі.

–Алдағы уақытта жобаның ауқымын кеңейтіп, заңгерлер мен прокуратурадан да мамандарды, кәсіпкерлік саласының мамандарын қосқымыз келеді. Себебі көпшілікті толғандыратын мәселе өте көп. Олар оған жауап алғылары келеді. Атқарылар жұмыстың нәтижесі болады, – дейді Айбек Таңатбаев.

Ай ӘБДІЛДА.

Редактор

Recent Posts

Шиліліктер Әзім Әбдіркеновке ат мінгізіп, шапан жапты

Абу-Даби қаласында қараша айының 10-11 күндері джиу-джитсудан Әлем чемпионаты өткен болатын (далее…)

1 день ago

Шиліліктер Әзім Әбдіркеновке ат мінгізіп, шапан жапты

Абу-Даби қаласында қараша айының 10-11 күндері джиу-джитсудан Әлем чемпионаты өткен болатын (далее…)

1 день ago

Ұстаздар арасында дәстүрге айналған “Қалдырған ізің мәңгілік” атты V аудандық турнир өтті

2024 жылдың 14 қарашасында ауданымызда Жамбыл орта мектебінде 30 жыл басшы болып қызмет еткен және…

1 неделя ago

Бірлігі жарасқан берекелі ұжым

Биыл 15 қарашада Қазақстанның мемлекеттік егемендігінің маңызды атрибуттарының бірі – «Ұлттық валюта» теңгеге 31 жыл…

1 неделя ago

Әзім Әбдіркенов Абу-Даби қаласында Әлем чемпионы атанды

Абу -Даби қаласында қараша айының 10-11 күндері джиу-джитсийдан Әлем чемпионаты өткен болатын. Әлемның түкпір түкпірен…

1 неделя ago

Науырзымдық Ерлан Омаров АҚШ-тың Лас-Вегас қаласында көк байрағымызды көтеріп, әнұранымызды шырқатты

АҚШ- тың Лас-Вегас қаласында дзюдодан күрес шеберлері арасындағы әлем чемпионатында 90 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде…

2 недели ago

This website uses cookies.